Samal суын өндіруші компания лицензиясын қайтару туралы жағдайды түсіндірді
Samal бөтелкедегі суын өндіруші «Бизнес Парк Навигатор» компаниясы Алматының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен болған дауды түсіндірді. Компанияның «Курсивке» берген жауабына сүйенсек, санитариялық-эпидемиологиялық комиссия лицензияны кері қайтарып алу рәсімін Қазақстанның Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын бұза отырып жүргізген.
«Бизнес Парк Навигатор» компаниясы департаменттің шешім қабылдау туралы хабарламағанын, сондай-ақ компанияның түсініктемелері тыңдалмағанын хабарлады.
«Бұл шешім бәсекелес – «Артезианская» суын өндіруші Direct Link компаниясының көптеген үндеуі әсерінен басталды», — деді Samal суын өндіруші компания хабарламасында.
Компанияның заңгері Надия Егізекова SAMAL суының сапасы лицензияны кері қайтарып алуға себеп болмағанын атап өтті. Сонымен қатар компанияның су алатын ұңғымасы барлық санитарлық нормаға сәйкес келетінін атап өтті. Бөтелкедегі суды өндіруге қолданыстағы рұқсат 2021 жылы берілген және күшінде қалады.
«Бизнес Парк Навигатор» Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 бұйрығына сілтеме жасай отырып, өз лицензиясын растады. Онда «орталықтандырылмаған сумен жабдықтаудың су алу құрылыстары ластану көздерінен жер асты суларының ағыны бойынша кемінде 50 метр қашықтықта орналасады» делінген. Компанияның ұңғымасы 150 метр қашықтықта орналасқан.
Бұған дейін 25 шілдеде Samal суын өндіруші «Бизнес Парк Навигатор» компаниясы лицензиясынан айырылды. Алматы қаласы Түрксіб аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бұйрығымен лицензияның күші жойылған.
Алайда 6 тамызда Samal суын өндіруші «Бизнес Парк Навигатор» шағымымен Алматы қаласы аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысына айыппұл салынды.