Орифджан Шадиев Жоғары сот шешімімен Ұлттық Банкке 16,2 млрд теңге қайтарып беретін болды

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
Шадиев Ұлттық Банкке 16,2 млрд теңге қайтарып беретін болды / коллаж kursiv.media бильд-редактор Ахтам Зиперов

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Ұлттық Банктің Forbes тізіміндегі кәсіпкер Орифджан Шадиевке қатысты шағымы бойынша апелляциялық сот шешімінің күшін жойды. 

«2017 жылдың тамыз айында Capital Bank Kazakhstan Ұлттық Банктен мемлекеттік қолдау ретінде 20 млрд теңге алды. Қаражат сол жылдың қараша айында өтеліп қайтарылуы тиіс болған. Кейінірек келісімшарт мерзімі 2020 жылдың ақпанына дейін ұзартылған. Банк акционері Орифджан Шадиев осы қарыз бойынша кепілгер болған», – делінген іс материалдарында.

Ұлттық банк бөлген қаржы банкті аман алып қалмаған. 2021 жылы ол лицензиясынан айырылды. Банк қаражаттың бір бөлігін қайтарып үлгерген. 

19 наурызда шыққан бастапқы сатыдағы сот шешімі бойынша Шадиевтің Ұлттық Банк алдындағы борышы 15,7 млрд теңгені құрады. Ол бұл ақшаны бітімгершілік келісім бойынша бес траншпен қайтарған. Алайда Шадиевтің бизнесін сатып алған серіктестері сотқа жүгініп, бастапқы сот шешімімен келіспеген.

Апелляциялық сот Ұлттық Банктің серіктес компаниялар Шадиевтің қарызын мемлекетке қайтармау үшін ойдан шығарылған мәмілелер жасады деген шағымын негізсіз деп таныған. Алайда Жоғарғы соттың кассациясы олигарх 2017 жылы Capital Bank Kazakhstan-ды құтқаруға бөлінген сома бастапқы саты белгіленген 15,7 млрд теңге көлемінде емес, 16,2 млрд теңге көлемінде Ұлттық Банкке қайтаруы тиіс деген шешім қабылдады.

Сәуір айындағы Орифджан Шадиевтің Ұлттық Банк алдындағы 15,7 млрд теңге қарызын толығымен өтегені туралы ақпаратты «Курсивке» банк растаған.

Еске сала кетсек, Орифджан Шадиевтің бақылауында болған «Capital Bank Kazakhstan» және «AsiaCreditBank-ке» тиесілі 960 га жер телімі Ұлттық Банк резервіне қайтарылғаны хабарланған.

«Алматы прокурорлары Ұлттық Банк меншігіне 960 гектар жер телімін қайтарды», –делінген прокуратура хабарламасында.

2021 жылы Орифджан Шадиев Forbes журналының «Қазақстанның ең ықпалды 50 кәсіпкері» тізімінде 40-орынды болған. 2018 жылы Forbes Шадиевтің жағдайын 177 млн доллар деп бағалады. Forbes мәліметтері бойынша, Шадиев 2021 жылғы қазандағы жағдай бойынша құрылыс бизнесінде активтері болған. Шадиевке тиесілі компаниялар қатарында «Integra Construction KZ» ЖШС (бұрынғы «Жол Жөндеуші») және «PRIME SYSTEM KZ» ЖШС, Capital Bank Kazakhstan және AsiaCredit Bank болды.

Сондай-ақ оқыңыз