Ресейде утильалымның қымбаттауы қазақстандық нарыққа әсер ете ме? Министр жауап берді

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің аға тілшісі
General News бөлімінің тілшісі
Ресейде утильалымның қымбаттауы қазақстандық нарыққа әсер ете ме? Министр жауап берді / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Ресейдегі утильалымның қымбаттауы қазақстандық нарыққа қалай әсер ететіні жайлы айтты.

Қазір біздің елде бағаның қымбаттауы деген мәселе тұрған жоқ. Қазақстанға әсер ете қоймайды. Бізбен көршілес елдерде утильалымды алып тастамақ түгілі оның құнын көтеріп жатыр. Қырғызстан да утильалымды енгізейін деп жатыр. Бұл жерде Қазақстан утильалым бағасы бойынша көрші елдердің бәрінен артта қалып қойды деп айтуға болады», – деді Шарлапаев

Сондай-ақ министр Ресейде утильалым бағасының қымбаттауы елдегі ескі көліктердің көбеюіне әсер етуі мүмкін деп отыр.

«Ресейдегі утильалымның қымбаттауынан, Қазақстанда ескі көліктердің саны артуы мүмкін. Ал олар жолдарда қиын жағдайлар туғызады және экологияға да кері әсерін тигізеді», – деді министр

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев утильалым мен алғашқы тіркеуге қарсы петиция талаптарын қанағаттандырмайтынын мәлімдеген еді.

Утилизация алымы – мемлекетке төленетін бір реттік төлем, ол келешекте көлікті утилизацияға жіберген кезде жұмсалуға тиіс қаржы. Қазақстанда көлікті елге алып келгенде төленетін утильалым 2016 жылы 1 қаңтарда енгізілді. Кейін қоғам тарапынан сынға ұшырап, 2022 жылы қайта қаралды. Сол жылғы мамырда утильалымның жаңа мөлшерлемелері жарияланды. Төлем 50%-ға азайды. Қазіргі таңда бұл іспен «Жасыл Даму» АҚ айналысады.

Сондай-ақ оқыңыз