«Қазтрансойл» мен КҚК Қазақстандағы құбырларға техникалық қызмет көрсету келісімшартын 5 жылға ұзартты

Жарияланды
Каспий құбыр консорциумының
Каспий құбыр консорциумы мен «Қазтрансойл» техникалық қызмет көрсету бойынша келісімшарт мерзімін 5 жылға ұзартқан / Фото: КҚК

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) мен қазақстандық «Қазтрансойл» (ҚТО) КҚК-Қазақстан нысандарына техникалық қызмет көрсету келісімшартын 5 жылға ұзартты. Бұл жайлы ҚТО-ның баспасөз қызметі хабарлаған.

«Каспий құбыр консорциумы (КҚК) мен қазақстандық «Қазтрансойл» Қазақстандағы КҚК-Қ нысандарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және апатты жою жөніндегі келісімшартты бес жылға ұзартты»,- деп хабарлады компания.

Каспий құбыр консорциумы – ірі халықаралық мұнай жеткізу жүйесі. Ол Қазақстан батысынан (негізінен Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындарынан) Қара теңіздегі Новороссийск (Ресей) портына жақын орналасқан терминалдарға мұнай жеткізу үшін құрылған. Мұнай тасымалдауы 2001 жылы басталған, ұзындығы 1500 шақырым. КҚК арқылы қазақстандық мұнайдың 80%-дан астамы тасымалданады.

Еске сала кетсек, маусымда Астанада «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов КҚК бас директоры Николай Горбанмен кездесіп, Теңіз-Новороссийск құбыры жүйесінің объектілерін жаңғырту бойынша іске асырып жатқан бағдарламаларды талқылаған. Сондай-ақ жөнелтушілердің мүмкіндіктерін ескере отырып, КҚК жүйесі жүктемесінің ұзақмерзімді жоспарын қараған.

Ал 6 тамызда КҚК «Қашаған» кен орнында жөндеу жұмыстары басталғанын хабарлады. «Қашағанда» жөндеу жұмыстары қазан-қараша айларына жоспарланған. Бұл ретте Атырауға Каспий құбыр консорциумының делегациясы мұнай жеткізу мәселесін талқылау үшін келді.

КҚК акционерлері: Ресей Федерациясы (Транснефть (MOEX: TRNF) бақылайтын 24%, баланста 7%) – 31%, Қазақстан (Қазмұнайгаз – 19% және Kazakhstan Pipeline Ventures LLC – 1,75%) – 20,75%, Chevron Caspian Pipeline Consortium Company – 15%, LUKOIL International GmbH – 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company – 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited – 7,5%, BG Overseas Holding Limited – 2%, E.A.ni. Н.В. – 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC – 1,75%. 

Сондай-ақ оқыңыз