АҚШ-та кибералаяқтық жасады деп айыпталған ресейлік Павел Кублицкий кепілдік шартымен босады

Жарияланды (жаңартылды )
Ресейлік Павел Кублицкий кепілдік шартымен босады/коллаж kursiv.media

АҚШ-та кибералаяқтық жасады деп айыпталған ресейлік Павел Кублицкий кепілдікпен босатылды. Бұл туралы шетелдік ақпарат құралдары жазды. Ақпарат құралдары 12 тамыз, дүйсенбі күні кешке Флориданың Орта округі бойынша федералды сотының электронды деректер базасында жарияланған құжаттарға сілтеме жасаған.

Тергеу мәліметтері ресейлік Павел Кублицкий мен қазақстандық Александр Ходырев интернеттің көлеңкелі сегментіндегі WWH платформасының қызметіне қатысы бар екенін көрсетті. Кублицкийді кепілдікпен босату үшін 100 мың доллар төленген. Күдіктіге үйден шыуға тыйым салынып, сот оның төлқұжатын тапсыруға мәжбүрледі. Павел тұрған жерінен медициналық себеппен ғана шыға алады.

WWH клубында 170 мыңға жуық қолданушы тіркелген. Онда ұрланған несие картасы деректерін пайдаланып тауарларды сатып алуға, банк шоттарынан ақшаны қалай ұрлауға болатыны туралы нұсқаулықтармен танысуға және DDoS және спам-шабуылдар жасауға жағдай жасалған.

ФТБ мәліметі бойынша Павел Кублицкий мен Александр Ходырев АҚШ-қа 2022 жылдың желтоқсан айында келіп, баспана сұраған. Олар Оңтүстік Флоридада тұрған. Іс материалдарында Кублицкий де, Ходырев та Америка Құрама Штаттарында ресми түрде жұмыс істемегені көрсетілген.

«Курсив» ҚР Сыртқы істер министрлігінен қазақстандық азамат Александр Ходыревтің ұсталғаны туралы ақпаратқа түсініктеме беруін сұрады.

«Америкалық тараптан ресми ақпарат болған жоқ, біз АҚШ құқық қорғау органдарынан растауды сұрадық. Сондықтан азаматымыздың ұсталғаны туралы растай да, жоққа шығара да алмаймыз», – деп мәлімдеді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Сондай-ақ оқыңыз