Google жасанды интеллект технологиясымен жұмыс істейтін Pixel смартфонын таныстырды

Жарияланды (жаңартылды )
Google жасанды интеллект технологиясымен жұмыс істейтін жаңа смартфонды таныстырды / Коллаж: kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Google сейсенбі, 13 тамызда жасанды интеллект технологиясын қолдана отырып, жетілдірілген Pixel смартфонын таныстырды.

AI технологиясын пайдалана отырып әзірленген жаңа құрылғы пайдаланушыларға скриншоттарда сақталған ақпаратты іздеуге мүмкіндік береді. Android пайдаланушылары енді сұрақтарға жауап алу үшін Google-дың Gemini чатботын пайдалана алады.

Сарапшылар Google-дың жаңа смартфонын жазда таныстыруының себебін бәсекелестікпен байланыстырады. Әдетте компаниялар өз өнімдерін күзде көбінде қыркүйек айында жариялап жатады.

2024 жылдың 2-тоқсанындағы жағдай бойынша Google смартфондарының әлемдік нарықтағы үлесі 1%-дан аз. Ол Samsung-тан айтарлықтай артта қалған. Оның үлесі 18,9%, Apple-дің нарықтағы үлесі 15,8%-ды құрайды. Ал Америка Құрама Штаттарында Google үлесі 4,5%-ды құрайды. Осылайша компания смартфон шығару бойынша төртінші орынға шыққан.

Жаңа Pixel 9 смартфоны 799 доллардан сатыла бастайды. Басқалары 100 долларға қымбатырақ сатылады. Компания өкілінің айтуынша, Pixel 9 Pro XL моделі дүкендерге тамыз айында жеткізіле бастайды. Ал жақсартылған камера сияқты қосымша мүмкіндіктері бар Pixel 9 Pro және жиналмалы Pixel 9 Pro Fold қыркүйек айында сатылымға шығады.

13 тамызда Google сонымен қатар өзінің Pixel Watch 3 смарт сағаттары мен Pixel Buds Pro 2 сымсыз құлаққаптарының жаңа нұсқаларын жариялады.

Америкалықтар жаңа гаджеттерге алдағы сейсенбі, 20 тамыздан бастап, алдын ала тапсырыс бере алады.

Сондай-ақ оқыңыз