Жаңа оқу жылы қарсаңында студенттер үшін пойыздарға қосымша вагондар жалғанады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Жаңа оқу жылы қарсаңында студенттер үшін пойыздарға қосымша вагондар қосылады / фото: Аскар Ахметуллин, бильд-редактор: Артур Алескеров

Жаңа оқу жылы қарсаңында Ақтау мен Атыраудан Алматыға қатынайтын пойыздарға қосымша вагондар қосылады. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, вагондар кондиционерсіз болады. Билеттерді Ақтау және Атырау қалаларының вокзалдарынан сатып алуға болады.

Ақтау-Алматы бағыты бойынша 23 тамыздан бастап қосымша 360 жолаушыға арналған сегіз вагон қатынайды.

Атырау – Алматы бағытында теміржолшылар төрт күнге қосымша үш вагон қосады (16, 18, 20,22 тамыз). Бұл – 540 орын

«Жазғы кезеңде кондиционерлері бар жаңа вагондар ел аумағы бойынша басқа бағыттарға тартылғандықтан, жоғарыда аталған вагондар кондиционесіз болады. Теміржол және су көлігі комитеті студенттерге қолайсыздықтар үшін алдын-ала кешірім сұрайды», – делінген хабарламада.

Бұған дейін Көлік министрлігі хабарланғандай, биыл жаңа вагондар паркі 140 бірлікке жаңартылады. Алдағы уақытта тағы 226 жаңа вагон келеді. Көлік министрлігі вагондарды отандық өндірушіден сатып алғанын айтты. Олар кондиционерлермен, қауіпсіздік камераларымен, дәретханалармен, розеткалармен, мобильді құрылғыларды зарядтауға арналған USB порттарымен, әр жерге жақын жарықтандырумен, микротолқынды пештермен, тоңазытқыштармен, ауыз су диспенсерлерімен жабдықталған. Штабтық вагондарда (поезд бастығына арналған арнайы вагондарда) қозғалысы аз азаматтарға арналған купелер бар.

Сондай-ақ оқыңыз