Ресейден «Интер РАО» компаниясы арқылы шетелге экспортталған электр энергиясының 46%-ы Қазақстанға жеткізілген
Ресейдің электр энергиясын тасымалдаумен айналысытан «Интер РАО» компаниясы 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанға 1,6 млрд кВт/сағат электр энергиясын жеткізген. Бұл жайлы компания есебінде жазылған.
Ресейден шетелге импортталған электр энергиясының жалпы көлемі 3,5 млрд кВт/сағатты құраған. Бұл көлемнің 46%-ы Қазақстанға жеткізілсе, 17%-ы Моңғолияға, 13% Қытайға, 24%-ы басқа елдерге жіберілді.
Бұл орайда Қытайға экспортталған электр энергиясының көлемі есепті кезеңде 0,5 млрд кВт/сағатты, ал Моңғолияға 0,6 млрд кВт/сағат, ал басқа елдерге 0,8 млрд кВт/сағатты құраған.
Маусым айында «Интер РАО» басқарма мүшесі Александра Панина 2024 жылы Қытайға жеткізілімдердің азаюына байланысты Ресейден электр энергиясының экспорты 25%-ға азайып, шамамен 8 млрд кВт/сағ құрауы мүмкін екенін айтты. Солайша 2024 жылы компания Қытайға 3,1 млрд кВт/сағат электр энергиясын тасымалданған. 2023 жылы бұл көрсеткіш рекордтық 4,6 млрд кВт/сағатты құраған.
Компания Қытай бағытында электр энергиясының экспортын қысқартып жатса, Қазақстан бағытында экспорт көлемін арттырған. Сәуірде Қазақстан Ресейден жоғары бағамен электр энергиясының импортын арттыруы мүмкін екені хабарланды. Ресей басылымдары 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Ресей Федерациясынан электр энергиясын сатып алу көлемін ұлғайтты. Бұл ретте электр энергиясының құны да арта түскен.
Ал сәуірде Ресейден экспортталатын электр энергиясының жартысына жуығын Қазақстан сатып алатыны айтылды. Көрші елден электр энергиясын жеткізудің максималды көлемі жылдың ең суық айы – қаңтарда тіркелді. Ол 354 млн кВт/сағ құрады. Ал наурызда көрсеткіш 280 млн кВт/сағ-қа дейін төмендеді.
Қазақстан электр энергиясының көп бөлігін Ресей Федерациясының еуропалық бөлігінен, ал аз бөлігін Сібірден сатып алады. Елдер арасындағы сауда ережелерінің өзгеруіне байланысты Ресей Федерациясынан жеткізілетін импорттың көлемі мен бағасы өсті.