Қазақстан 2025 жылға қарай ЕАЭО елдері арасында ЖІӨ өсімі жағынан көш бастауы мүмкін – ЕАДБ болжамы
2025 жылға қарай Қазақстан ЕАЭО елдері арасында ЖІӨ өсімі бойынша көш басына шығуы мүмкін. Мұндай пікірді Еуразиялық даму банкінің сарапшылары айтып отыр. Олар алты елге (ЕАЭО елдері және Тәжікстан) макро шолу жасап шықты.
Авторлар шілде айында Қазақстанның 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары қабылданғанын еске салды. Оның негізгі мақсаттарының бірі – Қазақстанның ірі аймақтық сауда-логистикалық рөлін күшейту.
Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл бірінші жартыжылдықта Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 3,3%-ға ғана өскен. Сауалнамаға қатысушылар экономкалық өсімі төмен елдерді атап шықты. Мәселен, Армения – 10,4%, Беларусь – 5%, Қырғызстан – 8,1%, Ресей – 4,7%, Тәжікстан – 8,2%-ды құраған.
Соған қарамастан, сарапшылар Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі қатарынан алты ай бойы өсіп келе жатқанын айтады. Әсіресе, құрылыс, қызмет көрсету және өңдеу салаларындағы нәтиже жаман емес. Маусым айында өңдеу өнеркәсібіндегі жұмыспен қамту, былтырғы жылдың шілдесінде тіркелген рекордтан асып түсіп, жаңа деңгейге жеткен. Сарапшылар Қазақстан экономикасының өсу драйвері өңдеу өнеркәсібінде екенін айтып отыр.
Өнеркәсіптік өндіріс 2,8% -ға өсті. 1,8 пункт және 0,8 пункте дейін ұлғайған. Бұл тау-кен металлургия өндірісі және машина жасау саласына тиесілі. ОПЕК + міндеттемелері шеңберінде мұнай өндіру көлемінің 1,6%-ға төмендеуі өнеркәсіп динамикасына тежеуші күш ретінде әсер етті.
Инвестиция көлемі 3,5%-ға төмендеді. Әсіресе, бұл көрсеткіштер су тасқынынан зардап шеккен Атырау, Ақмола, Ақтөбе, Абай және Батыс Қазақстан өңірлерінде төмендеген. Оларға салынған инвестициялардың жиынтық төмендеуі 11,0 пайыздық пункте дейін құлдыраған. Басқа өңірлерде жалпы үлес 7,5 пайыздық пункті құрап, өсімнің оң серпіні байқалған. Бұл көрсеткіште ең көп төмендеген тау-кен өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы салалары.
Сыртқы сауда айналымы 2,1% -ға төмендеді. Көрсеткіштің қысқаруы импорттық құн көлемінің 7,2%-ға төмендеуімен байланысты. Экспорттық кірістер минералдық өнімдерді, металдарды және олардан жасалған бұйымдарды жеткізу құнының ұлғаюының арқасында 1,8%-ға өсті. Ресеймен сыртқы сауда операцияларының көлемі 12,5 %-ға төмендесе, Қытаймен 6,6 %-ға өскен.
Шілде айында Қазақстанда инфляция 8,6%-ға өскен. Ұялы байланыс, интернет және көлік, сондай-ақ демалыс орындарының қымбаттауы қызмет көрсету саласындағы жылдық инфляцияның маусымдағы 13,8%-дан шілдеде 14,5%-ға дейін өсуіне әкелді. Сонымен қатар шілде айында темекі өнімдеріне акциздердің жоспарлы өсуі байқалады. ЕАДБ бағалауы бойынша, Қазақстанда 2024 жылдың соңында тұтыну бағалары индексінің өсімі бір жылмен салыстырғанда 8,3%-ды құрайтын болады. Мамандардың пікірінше, Ұлттық Банк ұзақ уақыт бойы орташа қатаң ақша-кредит саясатын жүргізуді жалғастырады.