Қазақстанның АҚШ-қа тауар экспорты екі есе артып, он жылдық рекордты жаңартты

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің тілшісі
Қазақстанның АҚШ-қа тауар экспорты екі есе артты / Фото: kursiv.media

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстаннан АҚШ-қа жіберілген тауар көлемі 888,8 миллион долларға жетті. Бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 95% артық, сонымен 2014 жылдан бері ең жоғары көрсеткіш. Бұл туралы DATA HUB телеграм арнасы жазды.

Өсім көрсеткіші негізінен мұнай есебінен болған. 2024 жылдың қаңтар-маусым айларында АҚШ-қа 578 миллион долларға 0,9 миллион тонна тауар жіберілді, бір жыл бұрынғы көлем – 182 миллион долларға 0,3 миллион тонна шамасында болған. Мұнайдан бөлек радиоактивті элементтер, негізінен, уранның экспорты өсті (жалпы көлемі – 104,7 миллион доллар, өсім 20 есе). Сонымен қатар күміс 89,4 млн долларға сатылған, өсім +49%. Мұнаймен бірге бұл тауар санаты жалпы көлемнің 87%-ын құрайды.

Экспорт өсіп жатқанда, импорт жылдық өлшеммен алғанда  -14%, 1,1 млрд долларға дейін төмендеп жатыр. Олардың ішінде маңызды санаттар саналып келген, автокөліктер, дәрі, турбореактивті двиательдер бар. Ең қызығы, өткен 6 айда елімізге бұған дейін болмаған, қызық тауарлар әкелінген. Олардың ішінде эксперимент үшін 32 жануар, құны 5,4 миллион доллар болатын 182 келі бұқа ұрығы, орташа құны 1843 доллар тұратын 25 электрогитара және құны 13,5 мың долларлық 1 велосипед әкелінген.

Айта кетейік, ҚР 2024 жылғы қаңтар-мамырдағы сыртқы сауда айналымы туралы есебіне сүйенсек, Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 55328,2 млн АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар–мамырмен салыстырғанда номиналды мәнде 2,1% азайды. Экспорт – 32463,6 млн АҚШ долларын, импорт 22864,6 млн АҚШ долларын құрады. Бұл бағытта еліміз 197 мемлекетпен қарым-қатынас орнатқан.

Бұған дейін Қазақстанның импорты 7,2%-ға азайып, экспорты 1,8%-ға өскені туралы хабарладық.

Сондай-ақ оқыңыз