Швецияда маймыл шешек індеті анықталды: дерт алғаш рет Африкадан тыс аймақта табылды
Африкадан тыс аймақта, яғни Швецияда алғаш рет маймыл шешек ауруы анықталды. Науқас қазір дәрігерлердің бақылауында ем қабылдап жатыр. BBC жазуынша, өзге елдер әзірге вирустың таралуы туралы ақпарат бермеді.
Швеция Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, ер адам Африкаға сапарында Clade Ib жаңа штаммпынан туындаған маймыл шешегін жұқтарған. Дәрігерлер аурудың өршіп кеткенін анықтаған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы аймақтық бюросы Швецияның Денсаулық сақтау органдарымен Мpox Сlade 1b-дің алғашқы расталған жағдайын емдеуге кіріскен.
Еуропада маймыл шешек анықталған жоқ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы соңғы екі жылда екінші рет маймыл шешегін жаһандық төтенше жағдай деп жариялап, ұйымның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус арнайы мәлімдеме жасаған.
Шешек індеті Конго Демократиялық Республикасында он жылдан астам уақыттан бері тіркеліп келеді және оны жұқтырғандар саны да жыл санап артып жатыр. Биыл осы індетті жұқтырғандар былтырғы жылдың көрсеткішінен асып түскен. Мәселен, жыл басынан бері 14 мың адам осы ауруды жұқтырса, оның 524-і, өкінішке қарай, көз жұмған.
2022 жылы ДДСҰ маймыл шешегі ауруының атауын өзгерткен болатын. «Монкей-покс» деген терминді ДДҰ «Mpox» деп аталатынын хабарлаған еді.