Олимпиададағы сәтсіздік: Қазақстан бокс федерациясы ұлттық құраманың жаңа бас бапкерін тағайындады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қайрат Сатжанов бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды / фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Қайрат Сатжанов бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Бұл туралы бокс федерациясы Instagram парақшасында жариялады.

Федерацияның мәліметінше, Қайрат Сатжанов бұған дейін Қазақстан құрамасында жаттықтырушы ретінде 7 әлем чемпионын, 43 Азия чемпионын дайындаған. Қазіргі уақытта жаңа жаттықтырушылар құрамы құрылып жатыр, оның ішінде: шетелдік жаттықтырушы маман, жалпы дене даярлығы бойынша жаттықтырушы, сондай-ақ ғылыми топ мамандары шақырылады.

Қайрат Сатжанов Ұлттық құраманың бас бапкері болу – үлкен жауапкершілік екенін айтып өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан боксшылары Париж олимпиадасында сынға қалды. . Осы олимпиадада былғары қолғап шеберлері екі-ақ медальді қанағат тұтты. 80 келі салмақ дәрежесінде боксшы Нұрбек Оралбай күміспен күптелсе, 50 келі бойынша шаршы алаңға шыққан Назым Қызайбай қола ұтты.

Осыған байланысты бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов бастаған бапкерлік құрам қызметінен босатылды.

Сондай-ақ оқыңыз