Алматының таулы аймағында сел жүруі мүмкін

Жарияланды
ТЖ таулы жерде сел жүруі мүмкін екенін ескертті/ Shutterstock

Алматының таулы аймақтарында сел жүруі мүмкін. «Қазгидромет» РМК жексенбіде жауын-шашын болатынын ескерткен.

«Құрметті туристер, Алматы қаласының тұрғындары және қонақтары, естеріңізге саламыз! Сел қаупіне байланысты Іле Алатауы тауларына бармауларыңызды сұраймыз», – деп хабарлады Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

Алматыға туристер тамаша табиғаты мен асқақ таулары үшін жиі келеді. 2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында Алматыға билет брондау 69 мыңға дейін өскен.

Туристер кейде таулы аймақта тосын жағдайларға тап болып, оларға оқыстан қауіп төнеді. Алдыңғы жылдары Шарын шатқалында қайта-қайта сел жүріп, бірнеше рет қайғылы оқиға орын алды.

5 тамызда Талғар өзенінің бассейніндегі көл аптап ыстық пен мұздықтардың еруіне байланысты жарылып кетуі мүмкін деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі. Жергілікті тұрғындар мен туристерге демалыс орындарына баруға тыйым салынды. 

Сондай-ақ оқыңыз