«Мені Ресей генералына Cybertruck сыйлады деп ойлайсың ба?» – Илон Маск Шешенстан басшысына көлік бермегенін айтты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Кадыров Cybertruck
Илон Маск Шешенстан басшысына көлік сыйламағанын айтты / Источник: t.me/RKadyrov_95, бильд-редактор Денис Андреев

Tesla және X (бұрынғы твиттер) иесі Илон Маск Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровқа Кибертрак көлігін сыйлағанын жоққа шығарды. Бұл туралы Маск өзінің Х-тегі блогында жазды.

Америкалық саясаткер Сет АбрамсонИлон Маскті X желісінде «әскери мақсатта пайдалануға болатын көліктерді» Батыс санкциясына ұшыраған елге жеткізіп, «АҚШ-қа қарсы ашық жұмыс істеп отыр» деп айыптаған болатын. Кәсіпкер оған жауап берді

Мені Ресей генералына Cybertruck сыйлады деп ойлайтындай, соншалықты заманнан артта қалғансың ба? Дәстүрлі БАҚ-тың алдамшы екенін тағы бір дәлелі, – деп жазды Маск

Бұған дейін Қадыров төбесіне пулемет қойылған Cybertruck көлігімен Грозныйды аралап жүрген бейнелер таралған. Шешенстан басшысы Cybertruck-ті Илон Масктің өзі сыйлағанын айтқан.

«Өте ыңғайлы көлік. Осындай тамаша көліктер жуырда арнайы операция аймағына жіберіледі. Ол жақта тиісті сұранысқа ие болмақ»,  – деп жазды Шешенстан басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ президентігіне үміткер Дональд Трамп Илон Маскке берген сұхбатында Tesla-ны мақтады және ЖИ тұтынатын энергияның көптігіне алаңдаушылық білдірді.

Сондай-ақ оқыңыз