Жалпы айналымы 48 млрд теңгені құрайтын есірткі бизнесіне тосқауыл қойылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Айналымы 48 млрд теңгені құрайтын есірткі бизнесіне тосқауыл қойылды / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

50 мыңнан астам адамды арбаған, жалпы айналымы 48 млрд теңгені құрайтын есірткі бизнесіне тосқауыл қойылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Агентіктің мәліметінше, жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 60 қылмыстық іс қозғалды, оның жартысы – контрабанда фактілері. Онлайн наркошоптарға қатысты тағы 29 материал бойынша тексеру іс-шаралары жүргізілуде. 100-ден астам адам, оның ішінде ҰҚТ-ның 12 мүшесі ұсталды. 

«Айналымнан шамамен 100 кг ауыр есірткі – кокаин, кетамин, мефедрон және марихуана, сондай-ақ оларды жасау үшін 1 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленді. Қылмыстардың қатысушылары – 30 мыңға жуық «дроптардың» банктік карталары бұғатталды», – делінген хабарламада.

Солардың бірі Шымкентте ірі мефедрон өндіру және тарату арнасы тоқтатылды. Есірткі зертханасынан синтетикалық есірткі өндіруге арналған 1 тоннадан астам қышқыл тәркіленді. Оның өндірістік қуаты ай сайын 50 мың доза есірткі өндіруге мүмкіндік берген.

Халықаралық ынтымақтастық аясында ҚМА ТМД кеңістігінде есірткі таратқан трансұлттық интернет-дүкендерді жою бойынша Қазақстан, Беларусь және Ресей қаржы барлаушыларының қатысуымен арнайы операция жүргізді.

«Үш елдің аумағында үш ауқымды есірткі дүкені жабылды, 35 наркодилер ұсталды, 1 тоннадан астам психотроптық заттар және клиенттерге сатуға дайын 3,5 мың дозаға жуық синтетикалық есірткі тәркіленді. Халықаралық «есірткі сатушылардың» жалпы табысы шамамен 30 миллион АҚШ долларын құрады, оның 12 миллионы криптовалютада шығарылды», – деп хабарлады агенттік.

Еске сала кетейік, бұған дейін екі шетел азаматы Қазақстан шекарасы арқылы құны 15 млн доллар болатын есірткі алып өтуге тырысқан.

Сондай-ақ оқыңыз