Олимпиада комитетінің бас хатшысы Жанар Өтешова қызметінен босатылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Олимпиада комитетінің бас хатшысы Жанар Өтешова қызметінен босатылды / фото: @zhanar_utesheva / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы Жанар Өтешова қызметінен кетіп жатыр. Оған деген сенімінің жоғалуына байланысты комитет құрамынан шығару мәселесі қаралмақ. Бұл туралы ҰОК таратқан хабарламадан белгілі болды.

Комитеттің мәліметінше, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті президенттің соңғы бұйрығына сәйкес, Бас хатшыға сенімхат арқылы берілген өкілеттіктер ресми түрде қайтарылып алынды. Осыған байланысты келесі бас Ассамблея отырысында Жанар Өтешеваны атқарушы комитет құрамынан шығару мәселесі қаралады. 

«Сенімінің жоғалуына байланысты Ж.Өтешеваны Бас хатшы ретінде атқарушы комитет құрамынан шығару мәселесі Бас Ассамблея мүшелерінің қарауына шығарылады», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Жанар Өтешова Головкин кәсіпқой бокс рингіне шығып жүрген кезде командасының баспасөз хатшысы болған. 2022 жылдың ортасына дейін ҰОК баспасөз және PR департаментін басқарған еді.

Сондай-ақ оқыңыз