ҰҚК өкілдері Қытаймен арадағы теміржол өткізу пунктінен тиісті құжатсыз дәрі-дәрмектің ірі партиясын тапты

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Дәрілік заттар теміржол контейнерінен табылды / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

ҰҚК өкілдері Қытаймен шекарадағы темір жол бекетінен ілеспе құжаттары жоқ дәрі-дәрмектің ірі партиясын анықтаған. Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметінің дерегінше, шығу тегі белгісіз 80 мың ампула дәрілік заттар Жетісу облысының «Алтынкөл» теміржол өткізу пунктінде контейнерден табылған.

Комитет өкілдері күмәнді жүк процессуалдық шешім қабылдау үшін облыстық экономикалық тергеу департаментіне берілгенін мәлімдеді.

Еске саламыз, Жетісу облысындағы «Алтынкөл» теміржол өткізу пункті Қазақстанның Қытаймен шекарасында орналасқан.

Айта кету керек, Қазақстанда импорттық дәрі-дәрмек көлемі жыл сайын артып келеді. Мысалы, биыл жарты жылда Қазақстан импорттық дәрі-дәрмектерге 1 млрд АҚШ долларын жұмсаған. Ресми статистикаға сүйенсек, еліміз дәрілік заттарды көбіне Германия, Үндістан және Италиядан сатып алған. 

Сондай-ақ оқыңыз