Енді студенттер жатақханадан орын тапқанға дейін дағдарыс орталықтарында тұра алады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
студенты
Елдегі әр университет жанында ахуалдық орталықтар да жұмыс жасайды / Фото: shutterstock, бильд-редактор Денис Андреев

Елімізде жоғары оқу орындарының жанынан дағдарыс орталықтары ашылып жатыр. Мұнда студенттер тұратын жер тапқанша немесе жатақханаға орналасқанға дейін тұрақтай алады. Қиын жағдайға тап болғандары да осы дағдарыс орталықтарын паналай алады. Сондай-ақ Ғылым министрлігі Алматы қаласында жатақханалардағы орындар жайында мағұлмат беретін ахуалдық орталық ашылғаны туралы да хабарлады.

Кеше, 21 тамызда ОКҚ алаңында өткен баспасөз брифингінде Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан әрбір университет жанында дағдарыс орталықтары жұмыс істейтінін мәлімдеген еді.

«Бұл кризистік орталықтар жолдан келген бала далада қалып қалмас үшін, орын тапқанша жататын орын болып табылады. Министрлік бүгінгі күні кризистік орталықтарды жатақхана тапшылығы көп байқалатын Астана, Алматы қалаларында ашып отыр»,- деді Ақерке Абылайхан.

Комитет басшысының орынбасары, елдегі университеттер жанынан ахуалдық орталықтар құрылғанын да атап өтті.

«Кез келген студент өзі оқитын университеттің ахуалдық орталығына хабарласа алады. Мұнда оған университет жатақханасында қанша орын бар екені, университет жанындағы жатақханада орын болмаған жағдайда, қай жекеменшік жатақханамен келісімшарты бар екені туралы ақпарат ұсынылады»,- деп түсіндірді ол.

Министрліктің мәлімдеуінше, Логистика және көлік академиясының базасында 30 орынға және Гумилев атындағы ЕҰУ базасында 20 төсекке арналған дағдарыс орталықтары жұмысын бастаған.

Ахуалдық орталықтың байланыс нөмірлері: 8 700-950-95-28; 8 700-255-14-43.

Университеттер барлық студентті жатақханамен қамтуға міндетті

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан университеттер студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге міндетті екенін де еске салған болатын. Бұл талапты орындамағандарға лицензия берілмейді және бұл өрескел құқық бұзушылыққа жатады.

Жатақханадан орын ең бірінші кімдерге беріледі?

Спикер жатақханадан орын бөлген уақытта басымдық кімдерге берілетінін де түсіндірді.

«Жатақханалардағы орынды бөлген кезде бірінші кезекте жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектегі бар азаматтарға, ауыл квотасы шеңберінде грант алған балаларға, қандастарға, аз қамтылған отбасыдан шыққан азаматтарға басымдық беріледі. Сонымен қатар «Серпін» жобасы аясында білім алған жастарға жатақханадан орындар беріледі», – деді Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары.

Ал жоғарғы курс студенттеріне жатақханадан орын жетпеген жағдайда, оларға университеттер жекеменшік әріптестік аясында салынған жекеменшік жатақханалармен келісімшарт жасасып, сол жақтан орындар ұсынуы тиіс.

Еске салсақ, осыған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматы мен Астанадан басқа барлық аймақта жатақхана тапшылығы мәселесі шешілгенін мәлідеді.

Сондай-ақ оқыңыз