Антикор «Astana LRT» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасын жауап алуға шақырды

Жарияланды
фото kursiv.media

«Astana LRT» ЖШС-ның экс-басшысы қазір Қазақстанда болмауына байланысты сыйбайлас жемқорлыққа қызмет ақпарат құралдары арқылы тергеуге қатысуға шақырды.

«Жауап алу және күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыны жариялау үшін Т. Ардан 2024 жылы 23 тамызда сағат 09:00-де Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, «Б» блогы мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әкімшілік ғимаратына жедел-тергеу тобының басшысы Ж. Өтепқалиевке келу қажет. Күдікті тергеу әрекеттеріне қатысу үшін қорғаушыны дербес шақыруға не қылмыстық процесті жүргізуші органның қорғаушының қатысуын қамтамасыз ету туралы өтінішхат беруге құқылы (ҚР ҚПК 68-бабы). Егер қорғаушыны күдікті немесе оның заңды өкілдері, сондай-ақ олардың тапсырмалары бойынша басқа адамдар шақырмаса, қорғаушының қатысуын қылмыстық процесті жүргізетін орган қамтамасыз етеді (ҚР ҚПК 67-бабы)», – деп ескертті Антикор.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Astana LRT» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты қылмыстық істі тергеуде. Қазіргі уақытта тергеу нәтижесі Т. Арданның ісін ҚР Қылмыстық Кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша саралауға мүмкіндік берді.

2023 жылы LRT ісі бойынша елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен LRT ЖШС директоры болған Талғат Арданды 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы сот үкімі шықты. Осы жобаны іске асыруға бөлінген ақшаны жымқырды деген қылмыстық іс бойынша «Астана LRT» компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан мен Астана әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке «қызыл бюллетень» бойынша халықаралық іздеу жарияланған.

Сондай-ақ оқыңыз