Исландияның Гриндавик қаласының маңындағы жанартау атқылай бастады

Жарияланды
вулкан
Сундхнукур жанартауы атқылауына байланысты жақын маңдағы елдімекен тқрғындары эвакуацияланған / Фото: shutterstock

Исландияда Гриндавик қаласына жақын жерде орналасқан Сундхнукур жанартауы оянды. Осыған байланысты Исландия билігі жанартауға жақын орналасқан елдімекендерден тұрғындарды эвакуациялаған. Бұл жайлы жергілікті RUV басылымы хабарлаған.

Басылымның хабарлауынша жанартау атқыламай тұрып, Рейкьявикте жер сілкінген. Бұл жанартаудың оянуына себеп болған.

Жер сілкінісінің қуаты 4,1 балл болған. Жер сілкінісінің ошағы Стора Скогсфел елдмекенінен солтүстік-шығысқа қарай 3 шақырым жерде болған.

«Сейсмикалық белсенділік 20:48-де, ал атқылаудың өзі 21:26-да басталды. Лава тез тарала бастады», – деді Исландия метеорологиялық кеңсесінің деформацияны өлшеу бөлімінің басшысы Бенедикт Офейгссон.

Гриндавик қаласының өртке қарсы іс-қимыл комитетінің өкілі Эйнар Свен Йонссонның мәліметінше жанартауға жақын маңдағы елдімекендердің тұрғындары толығымен эвакуацияланған.

Мамандар жылдамдығы сағатында 2 шақырымды құрайтын магманың Гриндавикке қауіп төндірмейтінін мәлімдеген. Магма негізінен солтүстік-батыс бағытында ағып жатқаны айтылады.

Сондай-ақ Исландияның метеорологиялық кеңсесінің қызметкері Кристин Хермансдоттирдің айтуынша, елдегі қолайсыз ауа райы бұл жағдайға оң әсер еткен. Ұйытқи соққан жел жанартаудан шығып жатқан улы газ бен түтінді теңізге қарай ұшырып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз