Магистратураға білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің аға тілшісі
Жалпы конкурсқа 15 196 адам қатысты / Фото: kursiv.media  

Ғылым және жоғары білім министрлігі магистратура бойынша мемлекеттік грант иегерлерінің тізімін жария етті.

Білім гранттары кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде берілген.

«Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 15 196 адам қатысты»,- делінген министрлік хабарламасында.

Болашақ магистранттарды ЖЖОКБҰ-на қабылдау 28 тамызға дейін жалғасады

Грант иегерлерінің тізімін ҚР ҒЖБМ Telegram арнасынан және Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтынан көруге болады.

3 тамызда қазақстандық абитуриенттер үшін жоғарғы оқу орындарына арналған мемлекеттік гранттар тізімі жария болған еді. 

Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін барлығы 78 219 грант бөлінді. Оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ауыл жастары қатарынан Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға 3903 грант бөлінді.

Ұлттық бірыңғай тестілеу балы жоғары болса да, грант ала алмай қалған мектеп түлектері наразылықтарын білдіріп, Ғылым және жоғары білім министрлігін сотқа беретінін мәлімдеді. Наразы болған жастар министрлік су тасқынынан зардап шеккен аймақтардан келген талапкерлерге 5000 грантты жеке емес, жалпы гранттан бөліп бергенін айтқан болатын.

Ал Ғылым министрлігі су тасқынынан зардап шеккен өңір түлектеріне квота гранттарын бөлу кезінде заң бұзылды дегенмен келіспейді. Министрлік «өз құзыреті шеңберінде» көктемгі су тасқынынан зардап шеккен өңір түлектеріне білім гранттарының 20%-ын берді. Ведомство бұл шешім заңға ешқандай қайшы келмейтінін мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз