«Qarmet» компаниясына қарасты мердігер ұйымының екі жұмысшысы мерт болды

Жарияланды
Китай может подстегнуть рост цен на железную руду
фото kursiv.media

25 тамыз күні Теміртаудағы «Qarmet» АҚ-ның №2 листопрокат цехында оқыс оқиға болды. Qarmet-тің мердігер ұйымының екі жұмысшысы жазым болды.

Таңғы сағат 9:20 шамасында ғимарат шатырын бұзып жатқан кезде «Қазмеханомонтаж» ЖШС-ның екі қызметкері төбеден құлаған. Оқиға химиялық ұстау блогында болды. Компания жұмысшылар техника қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған деп есептейді.

Екі жұмысшы оқиға орнында көз жұмды. Кәсіпорын жазатайым оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін арнайы комиссия құрылғанын хабарлады. Қаза тапқан Д. Иманғалиев 19 жаста, Ю. Самойлов 38 жаста болған.

Қарағанды полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

«Теміртау қаласындағы «Qarmet» АҚ аумағындағы «Казмеханомонтаж» ЖШС мердігерлік ұйымында орын алған жазатайым оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 4-бөлігімен (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы) сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген ПД баспасөз қызметі ақпаратында.

Мамырда Қарағандыда «Qarmet-ке» қарасты Костенко атындағы шахтада К3 қабатының 4-конвейер кен орнынада түтін шықты. Бірақ шахтада ақау дер кезінде жойылып, жұмысшылар өрттен аман қалды.

Сондай-ақ оқыңыз