«Қазгидромет» Қазақстанның 14 өңірінде дауылды ескерту жариялады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстанның 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды / фото: kursiv.media

26 тамызда Қазақстанның 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

«Қазгидромет» ақпаратына сүйенетін болсақ, бірнеше өңірде, атап айтсақ, Астана қаласындаАлматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, орталығында, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының  солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады. Көкшетау қаласына 26 тамызда тұман түседі деп болжанып отыр.

Жетісу облысының солтүстік-шығысынан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с көтеріледі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қаласында 26 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі бар.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзге өңірлерде жауын жауып, дауыл мен жел соғады. Атырау облысының солтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Жоғары өрт қаупі бар, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың тау асуларында, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Шымкент қаласында желдің бағыты солтүстік-шығыстан болып, күндіз екпіні 15- 20 м/с жетеді.

Сондай-ақ оқыңыз