2027 жылға дейін Алматыда 10 көшеге велосипед жолы қосылады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Алматыда 10 көшеге велосипед жолы қосылады / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2027 жылға қарай Алматы қаласындағы 10 магистральді көшеде велосипед жолы пайда болады. Негізінен қаланың шекаралық аймақтарында веложолдар көбейеді. Бұл туралы «Курсивке» берген ресми жауабында Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.

«Қала әкімдігі жоба шеңберінде Алматының кешенді көлік схемасына (КҚК) сәйкес велоинфрақұрылымды орналастыру схемасын дайындап жатыр. Веложолдардың ұзындығы мен жобаларды іске асыру мерзімдері техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы дайындағаннан кейін нақтыланатын болады», – делінген жауапта.

Алматы қаласын дамытудың 2027 жылға дейінгі Бас жоспарына сәйкес келесі жолдарды велосипед жолы ету жоспарланған:

  • Саин көшесі (Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейін) 3,2 км (2025 жыл);
  • Төле би көшесі (Яссауи көшесінен қала шекарасына дейін) 8 км (2026 жыл);
  • Абай даңғылы (Строительная көшесінен қала шекарасына дейін) 1,2 км (2025 жыл);
  • Жұбанов көшесі (Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін) 4 км (2026 жыл);  
  • Рысқұлов даңғылы (Оңғарсынова көшесінен қала шекарасына дейін) 4,2 км (2026 жыл);
  • Тілендиев көшесі (Рысқұлов даңғылынан қала шекарасына дейін) 10 км (2027 жыл);
  • Солтүстік айналма жолдан қала шекарасына дейін;
  • Мұқанов көшесі (Гоголь көшесінен Райымбек даңғылына дейін) 1,2 км (2026 жыл);
  • Хмельницкий көшесі (Қайрат ықшам ауданынан Талғар трактіне дейін) 4,2 км (2026 жыл);
  • Райымбек даңғылы (Жетісу көшесінен Шығыс айналма жолға дейін) 4,6 км (2026 жыл).

Әкімдік «Almaty Bike» велосипедтерін жалға беру қызметін жүзеге асыруға 188,3 миллион теңге жұмсауды жоспарлап отыр. Бөлінетін 188 369 556,25 теңге көлеміндегі қаражат 8 айға есептелген. Әр айға шаққандағы құны 26 371 737, 875 теңгені құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз