Қазақстандықтар депозит ашатын кезде қандай талаптарға мән береді?
Қазақстандықтардың көпшілігі депозиттер үшін төленетін кепілді өтемақы мөлшері туралы жақсы біледі. Бұған Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жүргізген сауалнама қорытындысы дәлел.
Зерттеу нәтижелері бойынша, қазақстандықтар депозит ашатын кезде мына факторларға назар аударатыны анықталды:
- банк туралы ақпарат (респонденттердің 38%);
- сыйақы мөлшерлемесі (32%);
- шоттан ақшаны мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі (24%);
- депозиттер бойынша кепілді өтемақы сомасы (6%);
- банк қызметінің ыңғайлы болуы (1%).
Алынған жауаптар салымшылардың өз қаражаттарын банкке орналастыру барысына барынша саналы түрде қарайтындықтарын және депозит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің жинақ таңдауда жалғыз өлшемшарт еместігін көрсетті.
Осы талап бойынша ҚДКБҚ-ға 119 адамнан жауап келген. Олардың 59%-ы «депозиттердің түрлері» тақырыбы бойынша көбірек материалдар жариялауды өтінген. Бұл салымшылардың ақшаны жинау және көбейту мәселесіне барынша жауапкершілікпен қарауға тырысатынын білдіреді.
«Депозиттің кепілдіктің максималды мөлшері туралы сауалнамаға 109 адам қатысты. Бұл сома 20 млн теңгені құрайтындығын жауап берушілердің 70%-ы біледі екен. Ал 14%-ы депозиттер бойынша өтем лимиті 15 млн теңгеге жететіндігін мәлімдеген. Өз кезегінде респонденттердің 5%-ы кепілдіктің шекті сомасы 25 млн теңгені құрайтындығына сенімді болыпты», – деп хабарлады ҚДКБҚ.
Зерттеуге қатысқандардың тек 11%-ы ғана бұл тақырып бойынша ештеңе білмейтін болып шықты. Сұрақтарға жауап берушілердің 59%-ы жинақ салымнан басқа, теңгедегі ағымдағы шоттар мен депозиттер бойынша максималды кепілдік сомасының қандай екендігін жақсы біледі.
Сұрақтарға жауап берген 97 адамның 27%-ы банктердегі жинақ ақшалар Қордың қорғауына алынғандықтарынан хабардар.
Freedom Finance Global компаниясы зерттеу нәтижелеріне сәйкес, қазақстандықтардың үштен екісінен астамы (70,5%) жеке қаржыларының есебін жүргізеді. Олардың басым бөлігі – кейде (36,2%) жүргізіп отырады, сауалнамаға қатысқандардың үштен бірінен сәл астамы (34,3%) қаржысын тұрақты түрде бақылап отырады. Сауалнамаға әрбір төртінші қатысушы (25,1%) өз шығындарын бақыламайды. Сонымен қатар қазақстандықтар теңгедегі банктік депозиттерді ақша жинаудың ең сенімді тәсілі деп санайтыны анықталды.