Қазақстаннан Ресейге барған балалар шекарашылар тексерісінен кейін Шереметьево әуежайындағы рейстен кешігіп қалды

Жарияланды
Казахстанские дети застряли в аэропорту Шереметьево. Им аннулировали билеты
Шереметьево әуежайында 18 бала шарасыз күйде отыр/ фото: shutterstock, бильд-редактор: Денис Андреев

Алматылық бір топ оқушы Мәскеудегі Шереметьево әуежайынан ұша алмай қалды. Балалардың және мен олармен бірге жүрген лагерь директорының Санкт-Петербургке және кері қайтуға арналған билеттері жойылды. Бұл туралы «Курсивке» «Романтик» лагерінің директоры Александр Шевченко айтты.

Қазақстандықтар Санкт-Петербург қаласына саяхаттамақ болған. Жергілікті «Аэрофлот» филиалы оларға Санкт-Петербургке тікелей рейс бағасынан сәл арзан Мәскеу арқылы баратын рейсті ұсынды. Мәскеудің Шереметьево әуежайына жеткенде балалар мен Александрды ұзақ тексерген. Сондықтан жолаушылар кешігіп, ұшақ Санкт-Петербургке көтерілуіне 20 минут қалғанда шығатын қақпаға жақындады.

«Төлқұжатты тексерген кезде бізді әуре-сарсаңға салды. Содан кейін тағы да ұзақ тексерді. Әрбір жүкті, әрбір сөмкені мұқият қарап шықты. Рейстің басталуына 20 минут қалғанда ұшаққа отырғызатын жерге жақындадық.  Әуежай қызметкеткерлері: «Кешіріңіз, кешігіп қалдыңыз» деп жауап берді. «Не істейміз?» деп, шекарашылар бізді ұзақ уақыт ұстағанын түсіндірдім. «Аэрофлот» қызметкерлері бұл мәселеге олардың қатысы жоқ екенін, шекарашылар үшін жауап бермейтінін кесіп айтты. Олар бізге жаңа билеттерді сатып алу керектігін айтты. Оған қоса қайтуға арналған билеттеріміз де жойылды, өйткені біздің бару-қайту билеттеріміз бір-бірімен байланысты болатын», – деді Александр.

Лагерь директоры «Курсивке» 18 балаға жаңа билет сатып ала алмайтынын айтты. Ресейде Қазақстан карталарын қолдану  мүмкін емес. Ол Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігіне хабарласқан. Елшілік көмек көрсетуден бас тартып, әуе компаниясына өтініш жазуды ұсынған. «Мен өтініш жаздым, «Аэрофлот» 14 күн ішінде жауап беретінін айтты», – дейді дағдарған лагерь директоры.

Александр қазіргі уақытта әуежайда бір топ баламен отыр. Директордың өзі мәселені шешу жолдарын іздестіруде. Әуежайдағы жедел желі осы жерден алысқа ұзамай, шаруаны реттеуге кеңес берген. Себебі кейбір рейстер арқылы әрмен қарай ұшуға мүмкіндік туады деп үміттенеді.

Айта кетейік, Қазақстанда FlyArystan ыңғайсыз жағдайда қалған болатын. Әуе компаниясы кәмелетке толмаған Зере Галиеваны рейске жібермей, әуежайда жалғыз қалдырған. Кейін FlyArystan басшысы Зеренің анасынан кешірім сұрау үшін Оралға арнайы келген.

Сондай-ақ оқыңыз