Қазақстанға бірнеше атом электр станциясын салу қажет – Энергетика министрі

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Қазірдің өзінде АЭС салуға қолайлы екі аумақ таңдалды / Фото: Аскар Ахметуллин

Қазақстан 2060 жылға дейін бірнеше атом электр станциясын салуы керек. Мұндай мәлімдемені Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты.

 «Қазіргі уақытта тек бір атом электр станциясын салу туралы айтып жатырмыз. Алайда Қазақстанның шекарасын қараңыздар. Егер біз көміртекті бейтараптық жайлы айтатын болсақ, болашақтағы әлеуетте 2040 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа жеткіміз келсе және 2060 жылға қарай қалдық шығармауды қаласақ,  онда атом энергетикасынан басқа балама жоқ. Қазірдің өзінде атом электр станциясын салуға өте қолайлы екі учаске анықталды. Атап айтақанда, Балқаштағы және Курчатовтағы аумақтар ең ыңғайлысы болмақ, – деді Алмасадам Сәтқалиев ядролық технологиялардың халықаралық көрмесінің кулуарында.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанның дамуына қарсы топтар белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеген еді. Министр АЭС салуға қарсылық білдіретіндерге қаратып осындай пікір білдірді. Тіпті елде АЭС салуға қарсы арнайы компаниялар жұмыс істейтінін мәлімдеді. 

АЭС-тің қаншалықты қажет екенін түсіну үшін соншалықты терең білім керек емес. Өйткені қазір технология дамыған. Олар қауіпсіз. Бізге мұндай технолгиялар керек. Заманауи технологиялар елдегі экономика мен ғылымды дамыту үшін керек», – деді министр.

Сәтқалиев АЭС салынбаса, оның патриоттығымызға сын екенін айтты. Айтуынша, атом электр станциясы салынса, онда бүкіл Қазақстан бойынша өндіріліп жатқан электр энергиясынан 1,5 есе көп энергия шығарады.

Еске сала кетсек, бүгін премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет сағатында министрлер кабинетіне АЭС салу бойынша референдум өткізу үшін жарлық жобасын әзірлеп, президентке ұсынуды тапсырды. 

Сондай-ақ оқыңыз