KASE-де ұлттық валюта бағамы 0,6%-ға нығайып, 1 долларға 480 теңгені құрады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
26 тамыз орташа сараланған бағам 1 долларға 483,65 теңге болған / Архив: kursiv.media

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттықта теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа сараланған бағамы дүйсенбімен, 26 тамызбен салыстырғанда 0,6%-ға (3,06 теңгеге) нығайып, 480,59 теңгені құрады.

Дүйсенбі, 26 тамыз орташа сараланған бағам 1 долларға 483,65 теңге болған.

Шетел валюталарымен сауда-саттық аясында Астана уақыты бойынша 17:00-де теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа сараланған бағамы 1 долларға 480,52 болды.

Ең төменгі бағам 479,9, ең жоғарғы бағам – 481,7, сауда соңындағы көрсеткіш – 480,69 теңге.

KASE мәліметінше, 27 тамыз АҚШ доллары бойынша сауда-саттық көлемі соңғы сессияның қорытындысы бойынша 208,299 млн долларды құрады. Транзакциялар саны – 578. 26 тамыздағы көрсеткіш 235,645 млн доллар болған.

28 тамыздағы жағдай бойынша теңгенің шетел валютасына қатысты бағамы: 1 ресей рублі – 5,24 теңге, 1 юань – 67,59 теңге, 1 еуро – 536,68 теңге.

Еске сала кетсек, 12 маусым Мәскеу биржасы мен оның құрамындағы Ұлттық клиринг орталығы АҚШ-тың санкциясымен бұғатталған еді. Содан кейін рубль бағамы құлдырады. Кейін теңгенің долларға шаққандағы бағамы да құнсыздана бастады.

Сондай-ақ оқыңыз