Терроризмге қарсы күресті күшейту: Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев терроризмге қарсы күресті күшейту бойынша елдегі Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізді. Бұл туралы ресми Ақорда хабарлады.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы өтті», – делінген хабарламада.
Ақпаратқа сүйенсек, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов және Бас прокурор Берік Асылов қазіргі халықаралық жағдайды ескере отырып, мемлекет басшысына экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудің өзекті мәселелері жөнінде баяндаған.
Тоқаев қазақстандықтандар қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын арттыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берген.
23 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізіп, терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растаған. Бұл кезде кеңес отырысы Мәскеу түбінде болған терактіден кейін шақырылған.