Елордада сот қаулысымен бес құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

Жарияланды
Бес компания құрылыс лицензиясынан айырылды/ коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен бес компаниясы құрылыс лицензиясынан айырылды. Олар сапасыз құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаған және мемлекеттік нормативтерді бұза отырып, жобалық құжаттамадан ауытқыған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 312-бабының 2-бөлігі бойынша компаниялар кінәлі деп танылды.

  • «Granite» ЖШС ғимараттар мен құрылыстардың тірек және қоршау конструкцияларын күрделі жөндеу мен реконструкциялауды, тұрғызуды, топырақтағы арнайы жұмыстарды қамтитын инженерлік желілер мен жүйелердің кіші түрлері бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына қатысуға ІІ санаттағы лицензиядан айырылды.
  • «Ғимараттар мен құрылыстар құрылысы» ЖШС құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензиядан айырылды.
  • «Sheberbuild» ЖШС құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысуға 2023 жылғы 18 қазандағы №23022845 лицензиясынан айырылды.
  • «Астана-Көктем С» ЖШС 2022 жылғы 25 қарашадағы №0000360 ғимараттар мен құрылыстардың, оның ішінде көпірлердің, көлік эстакадаларының, тоннельдер мен жол өтпелерінің, нысандарды күрделі жөндеу мен реконструкциялауды, оның ішінде шатыр жабындарын қоса алғанда, тірек және қоршау конструкцияларын тұрғызудың, монолитті орнату, сондай-ақ құрама бетон және темірбетон конструкцияларын монтаждау, қабырғалар мен бөлімдердің дана элементтерін қалау және ойықтарды толтыру, топырақтағы арнайы жұмыстар, оның ішінде негіздерді салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына қатысуға лицензиясынан айырылды.

Астана қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы жыл басынан бері 426 бұзушылықты анықтады.

2023 жылы Алматы қала құрылысын бақылау басқармасы таулы жерлерде 54 заңсыз салынған құрылысты анықтаған. Осы анықталған 54 құрылыстың 44-і бойынша басқарма сотқа жүгінген. Сот талап-арыздарды қарап, 44 құрылыстың 31-іне қатысты оң шешім шығарған. 

Сондай-ақ оқыңыз