2025 жылдан бастап Украина Ресейдің мұнайы мен газын ЕО-ға тасымалдауды тоқтатады. Бірақ басқа елдерден жеткізуге дайын
Бұл туралы президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк «Новости. Live» телеарнасының эфирінде мәлімдеді деп жазады ctrana.news.
«Ортаазиялық елдерден, мысалы, транзиттік газ келетін болса. Сонымен қатар 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Словакия, Чехия және Венгрия секілді елдерге Ресей мұнайын жеткізетін «Дружба» мұнай құбырының жұмысы тоқтайды. ЕО-ның бұл елдер мұнай жеткізілімдерін әртараптандыру мүмкіндіктерін табуы және Украина арқылы Ресей мұнайын транзиттеуді тоқтатуы керек деген қарары болды. Бұл сондай-ақ газға да қатысты», – деді Подоляк.
Ол 2025 жылдың 1 қаңтарында аяқталатын қазіргі келісімшарттарды «қазір екі елдің қандай жағдайда екеніне қарамастан» Украина біржақты түрде бұзбағанын айтты.
«Бірақ сөзсіз, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұның бәрі тоқтайды. Егер Еуропаның кез келген елі Қазақстан немесе Әзербайжан газын алу қажет деп есептесе, егер тиісті логистика, құқықтық негіз және келісімшарттар болса, Украина оны транзиттеуге дайын», – дейді Ермактың кеңесшісі.
Естеріңізге сала кетейік, жақында Зеленский «Басқа компаниялардан газ транзитіне келетін болсақ, егер кейбір еуропалық әріптестеріміздің сұранысы жалғасатын болса, олардың өтінішін қарастырамыз» деген еді.
Бұған дейін БАҚ-ы Украина мен Ресей Курск облысындағы шайқастарға қарамастан, Ресей газының ЕО-ға транзитін сақтайды деп жазған еді.
Айта кетейік, бұған дейін итальяндық Eni «Дружба» құбыры арқылы Қарашығанақ мұнайын Германияға тасымалдауды бастағанын хабарладық.