Елімізде соңғы он жылда темекі өндірісі 73%-ға жуық қысқарған

Жарияланды
Фото: shutterstock

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДСҰ) мәліметі бойынша, соңғы онжылдықтардағы жаһандық темекі шегу деңгейінің төмендеуіне қарамастан, жыл сайын әлемде 8 миллионнан астам адамның өліміне алып келуде.

ДСҰ мәліметінше, дүние жүзінде шамамен 1,3 миллиард адам темекі өнімдерін пайдаланады. Олардың 80%-дан астамы табысы төмен және орташа елдерде тұрады. Темекі шегу денсаулықтың нашарлауының негізгі факторы, яғни жүрек аурулары, қатерлі ісік, инсульт және босану қаупінің жоғарылауымен байланысты. Жыл сайын темекі шегушілердің жартысына жуығы өмірден озса, ал темекі шекпейтін 1,3 миллион адам темекі түтінінің әсерінен о дүниелік болуда.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша темекі шегу деңгейі ең жоғары 20 елдің ішіндегі басым бөлігі Еуропа елдері. Онда континенттің орталық және шығыс бөліктерінде темекі бағасы батыс елдерімен салыстырғанда арзанырақ.

Қазақстанда темекі шегетіндердің саны төмендеп келеді.

ДСҰ 2022 жылы әлемде темекі шегетіндердің үлесі 22,2% ға жетсе, 2025 жылы 20,9% құрайтынын мәлімдеген болатын. Ал Қазақстанға келетін болсақ, ДСҰ болжамына назар аударсақ 2025 жылға қарай елімізде  темекі тұтынатындардың үлесі 18,9%-ға дейін төмендейді деп болжауда. Соңғы 3 жылда  елімізде темекі тұтынудың  белсенді төмендеу көрсеткіші орын алуда. Ал 2030 жылға қарай елімізде темекі тұтыну көрсеткіші 15,4%-ға дейін төмендейді деген болжам бар.

Темекі бұйымдарын өндіретін 5 өңірдегі зауыт өз жұмысын тоқтатты.

Тәуелсіздік алғалы еліміздің Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен  Алматы қаласында  темекі бұйымдары өндірілді. Алайда 2016 жылдан бастап темекі бұйымдарын өндіру тек Алматы облысында ғана белсенді жұмыс істеп келеді. Айта кетейік 2000 жылға дейін Алматы қаласы еліміздегі 97% темекі бұйымдарын өндіріп, 2001 жылдан бастап Алматы облысындағы жаңа қуатты зауыт іске қосылып, басты өндіруші статусына айналды. Соңғы 25 жыл бойы Алматы облысы темекі бұйымдарының 90-100% аралығында үлесті сақтап келеді.

Елімізде темекі бұйымдарын өндіру соңғы он жылда (2013-2023жж) -71,8%-ға төмендеді. Мәселен, 2013 жылы 25,7 млрд дана темекі бұйымдары өндірілсе, 2023 жылдың қортындысы бойынша 18,1 млрд данаға дейін қысқарған.

Темекі бұйымдарының өндірісі қысқарғанымен, өндірілген өнім ақшалай көріністе тек өсіп келеді. Оған темекі бұйымдарының ең төменгі бағасының айтарлықтай өсуі басты себеп. Мәселен, 2020 жылдың шілде айынан бастап темекінің ең арзан бағасы 440 теңге, ал биылғы жылдың 15 шілдесінен бастап темекі өнімдеріне белгіленген ең төмен баға 820 теңге. Ал 2025 жылдан бастап бұл 870 теңгеге дейін көтерілмекші. Осылайша темекінің бұйымдарының бағасы айтарлықтай өсуде.

Әлемде темекі өндірісі төмендеуде

Дүние жүзінің темекі бұйымдарын өндіретін ең алып PMI мәліметінше, 2012 жылы 927 млрд дана темекі өндірілсе, 2023 жылы оның көлемі 613 млрд данаға дейін төмендеген. Темекі бұйымдарын өндіретін көптеген ірі корпорация темекі өндірісіне жаңа технологияларды қолдану арықылы «түтінсіз шылым» өнімдеріне көшіп бастады. Алайда ДСҰ болжамынша, өндіріс ошақтары енгізген  жаңа технологиялар темекі тұтынуды арттырған жоқ. Сондай-ақ ДСҰ темекі тұтынатындардың санын азайтуға болатын кез келген елге тән шектеу бағдарламасын ұсынды.

Темекі өндірісінің төмендеуі әртүрлі себептерге байланысты болуы мүмкін. Кейбір негізгі факторларды атап өтуге болады:

Салықтар мен реттеу. Көптеген елде темекі өнімдеріне салықтар мен акциздер өсірілуде. Бұл темекі бағасын жоғарылатып, сұраныстың төмендеуіне әкелуі мүмкін. Сондай-ақ темекі өнімдерін сатуды және жарнамалауды реттейтін заңдар да әсер етеді.

Денсаулық сақтау науқандары. Денсаулық сақтау ұйымдары мен үкіметтер темекінің зияндылығын жариялап, темекі шегуді тоқтату жөнінде науқандар жүргізеді. Бұл ақпараттардың таралуы темекі шегудің төмендеуіне әсер етеді.

Қоғамдық қысым. Қоғамдық орындарда темекі шегуді шектеу немесе тыйым салу сияқты шаралар адамдарды темекі шегуден бас тартуға итермелейді. Жеке және қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламалары темекі шегуден бас тартуды қолдайды және оны жеңілдету үшін әртүрлі ресурстар мен құралдар ұсынады.

Әлеуметтік өзгерістер: Заманауи қоғамда темекі шегу жиі теріс әлеуметтік фактор ретінде қабылданады, бұл да адамдардың темекі шегуін азайтуға себеп болуы мүмкін.

Темекі өндірісінің төмендеуі көбінесе осы факторлардың бірлесе әсер етуінен болады.

Сондай-ақ оқыңыз