Freedom Finance Global сарапшылары инвесторларға Apple, Cameco Corporation мен Johnson & Johnson акцияларына назар аударуды ұсынады
Қыркүйек – қор нарығындағы ең құбылмалы айлардың бірі. Бұл айда көптеген инвестор жеке портфелін қайта теңдестіру жайын ойлай бастайды. Портфельдерді қайта теңдестіру, IV тоқсан мен жыл соңына қарай сақтық шаралары сияқты факторлар нарықтың тербелісіне алып келеді. Осы ретте Freedom Finance Global компаниясының талдаушысы Тамерлан Абсалямов инвесторлардың назар аударуына тұрарлық акциялар қатарын ұсынады.
Apple Inc. Apple-дің iPhone 16 смартфонын ұсынуы негізгі өсу драйверіне айнала ма?
Apple Inc. қыркүйек айында iPhone 16 сматфонын таныстырмақ. Компани жаңа өнім келер жылғы өсімінің катализаторы болады деп күтіп отыр. Дамушы нарықтардағы 5G базасында одан әрі кеңейтілген, функциялары жақсартылған әрі экологиялық жүйесі мен жаңа қызметтердің өсу әлеуеті бар iPhone 16 смартфонын ойдағыдай шығарып, пайда алуға бүкіл мүмкіндігі бар. Phone Apple бизнесінің негізі болып қала беретіндіктен, iPhone 16 смартфонының ойдағыдай таныстырылуы компанияның айтарлықтай өсуін қамтамасыз етуі керек. Сарапшы Apple акциялары жеке инвесторлардың протфелін тартымды ете түседі деп пайымдайды.
Атақты инвестор Уоррен Баффет «Аpple-дің шынайы жанкүйері болып қала беремін» деп мәлімдеген.
Advanced Micro Devices. AMD-ның өсу әлеуеті жасанды интеллектіге деген сұранысқа байланысты
Advanced Micro Devices, Inc. — жетекші жартылай өткізуші компания, жоғары өнімді есептеу және графикалық шешімдер әзірлеп шығарады. Озық есептеу қуаттылықтарына деген сұраныс, әсіресе, жасанды интеллект (ЖИ) және деректерді өңдеу орталықтары саласында күрт өскендіктен, AMD компаниясының осы үрдістерден пайда алуға барлық мүмкіндігі бар.
Advanced Micro Devices жылдам өсетін жартылай өткізушілер нарығына, әсіресе, ЖИ-ға және деректерді өңдеу орталықтарына деген сұраныс контексіне шығу мүмкіндігін іздеп жүргендер үшін тартымды инвестициялық мүмкіндіктен тұрады. Өзінің мықты өнім портфелі, стратегиялық серіктестіктердің және сенімді қаржы көрсеткіштерінің арқасында AMD ұзақмерзімді өсуге жақсылап дайындалған. Қазіргі тәуекелдің, соның ішінде қарқынды бәсекелестіктің және жеткізу тізбегіндегі осалдықтың барына қарамастан, компанияның инновацияларға деген жауапты тәсілі және оның жылдам өсіп жатқан нарықтарға бағдары дамушы технологиялық ландшафттағы қиындықтарды еңсеруге қабілетті орнықты бизнес модулін ұсынады. Озық есептеу шешімдеріне деген дамып жатқан сұраныстан пайда алғысы келетін инвесторлар AMD-ны өз портфельдеріне тартымды қосымша деп санауы мүмкін. 186 АҚШ доллары деңгейіндегі орташа нысаналы бағаға деген өсу әлеуеті шамамен 20%-ды құрайды.
First Solar Inc акциялары да назар аударуға тұрарлық
First Solar, Inc. — фотоэлектрлі (PV) күннен энергия өндіретін модульдер шығаруға маманданған компания. Жіңішке пленкалы фотоэлектрлі модульдердегі көшбасшылық, жаңартылатын энергия көздеріне деген жоғары сұраныс, деректерді өңдеу орталықтарының сұранысы, АҚШ-тағы өндіріске қомақты инвестициялар, сенімді қаржы көрсеткіштері – компания өсімінің негізгі драйверлері. 292 АҚШ долларына тең орташа нысаналы бағаға қатысты өсу әлеуеті шамамен 26%-ды құрайды.
Russell 2000 мен iShares Russell 2000 ETF (IWM): қыркүйек айында мөлшерлеменің азаюынан пайда алу мүмкіндігі
Жеке инвесторларға АҚШ-тағы шағын капиталды компаниялардың акцияларын қадағалайтын Russell 2000 индексі тартымды болып тұр. Өйткені нарық қыркүйек айында Федералды резерв жүйесі пайыздық мөлшерлемені азайтады деп күтіп отыр. Соңғы деректерге сүйене отырып, мөлшерлеменің 64%-ға азаю ықтималдығының арқасында шағын капиталды компания акциялары қарыз алу шығынының азаюы және тұтынушылық шығыстардың ұлғаюынан пайда көруі мүмкін, Бұл iShares Russell 2000 ETF (IWM) индексін тартымды инвестициялық мүмкіндікке айналдырады.
Қазіргі тәуекелдердің, соның ішінде нарықтағы құбылмалылықтың және экономикалық сезімталдықтың барына қарамастан, шағын капиталдандырылуы бар компаниялардың акцияларының жалпы болжамы оң болып қала береді. 228 АҚШ доллары деңгейіндегі ең жоғары деңгейге өсу әлеуеті шамамен 11%-ды құрайды.
Cameco Corporation – ядролық энергетика нарығындағы стратегиялық инвестиция
Cameco Corporation – ядролық энергетика үшін қажетті уран өндіретін әлемдік жетекші компания. Әлем климат өзгерісімен күресу үшін таза энергия саласындағы шешімдерге көбірек көңіл бөлетіндіктен, ядролық энергетикаға басымдық беруге дайын. Мұндай инвестициялық идея ядролық энергетикаға деген сұраныстың артуына, уран нарығындағы стратегиялық позицияға және оның орнықты дамуға деген ұмтылысына байланысты компанияның өсу әлеуетіне бағытталған.
Cameco Corporation – өсіп келе жатқан ядролық энергетика нарығына шыққысы келетіндер үшін тартымды инвестициялық мүмкіндік. 57,2 АҚШ доллары деңгейіндегі орташа нысаналы бағаға қатысты өсу әлеуеті шамамен 34%-ды құрайды. Таза энергияға көшуден пайдасын алғысы келетін инвесторлар Cameco-ны өз портфельдеріне қоса алады.
Johnson & Johnson – денсаулық сақтаудағы орнықты көшбасшы
Johnson & Johnson — фармацевтік препараттар, медициналық аспаптар және тұтынушылық тауар шығаратын, әртүрлі портфелі бар әлемге әйгілі денсаулық сақтау компаниясы. Сенімді дивиденд төлемдері мен өсу тарихы компанияның инвесторларға тұрақты табыс пен капитал өсімін қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді. Мұндай инвестициялық идея Johnson & Johnson-ның мықты тұстарына, өсу әлеуетіне және жақында корпоративтік қайта құрылымдаудан кейінгі стратегиялық бастамаларға бағытталған. 181 АҚШ доллары деңгейіндегі орташа нысаналы бағаға қатысты өсу әлеуеті шамамен 10%-ды құрайды.