Қор нарығына шолу: ЕО экономикасындағы жағдай, лираны қолдау қадамдары, еуро раллиі бәсеңдеді
Германияның өндірістік секторындағы құлдырау жеделдей түсті. Ал Еуропа орталық банкінде тұтас еуроаймақ экономикасының баяулау салдары туралы пікір бірлігі жоқ. Сонымен қатар еуро раллиі бәсеңдей бастады. Осы және өзге де тақырыптар туралы 2 қыркүйектегі шолудан оқыңыз.
ЕОБ өкілдері экономикалық құлдыраудың салдарын сан-саққа жүгіртіп отыр
Еуропа орталық банкінде экономикалық құлдыраудың салдарын және ЕО-дағы экономикалық өсудің одан арғы әлеуетін бағалауда бірлік жоқ, деп жазды Reuters. Мұндай бөліну алдағы айларда ставканы төмендету туралы пікірталасқа әсер етуі мүмкін.
Кейбір шенеуніктер рецессиядан қорықса, ал басқалары инфляциялық қысымды талқылап әлек. Олар бұл жағдай әлі де бағамды жұмсартуға жол бермейді деп санайды. Сондықтан пікірталастың мәні келесідей болып тұр: экономикалық өсудің әлсіздігі және ықтимал рецессия инфляцияға қалай әсер етеді.
ЕОБ маусым айында пайыздық мөлшерлемелерді төмендетті. Қыркүйек айында қайтадан төмендететіні тағы анық. Дегенмен еуроаймақ экономикасы тұрақсыз күйге түскендіктен, одан арғы шешімдер күрделірек болуы мүмкін. «АҚШ рецессиядан құтыла алса да, Еуропа оны болдырмауы мүмкін», – дейді Macquarie стратегі Тьерри Визман.
Жақындап келе жатқан рецессияны жақтаушылар аз. Олар экономика күткендегіден әлсіз әрі рецессия қаупі артып келеді, жұмыс күшін жинаған компаниялар жұмыс орындарын қысқарта бастайды деген сенімде. Жұмыспен қамту қысқарғаннан кейін, қолда бар табыс та азаяды. Бұл тұтыну тәртібін тез бұзады әрі экономикалық құлдырауға әкеледі.
Консерваторлар нақты өсу қарқыны әлсіз сауалнама нәтижелерінен үнемі асып түседі әрі экономика тұрақты сақталады деп санайды.
Тұтыну тұрақты, туристік маусым өтті, ал құрылыс қалпына келіп, жақсы өсім көрсете бастады. Сонымен қатар жалақының өсуі инфляцияның 2%-на сәйкес келетін деңгейден әлдеқайда жоғары болып қала береді. Сондықтан нақты кірістер тез қалпына келеді әрі экономиканы оқшаулауды жалғастыруы керек.
Германияның өндірістік секторындағы құлдырау жеделдей түсті
Еуропаның ең ірі экономикасы құлдырауын жалғастырып жатыр, деп хабарлады сатып алу менеджерлерінің индексі. Германияның өңдеу өнеркәсібіне арналған HCOB (PMI) қорытынды индексі шілдедегі 43,2-ден тамызда 42,4-ке дейін төмендеді. Экономистердің алдын ала бағасы 42,1-ге тең, деп жазды Reuters. Мәннің 50-ден төмендеуі қысқартудан хабар береді.
«Тамыз айында келіп түскен тапсырыстардың одан да күрт төмендеуі байқалды. Бұл тез қалпына келуге деген үмітті жойды», – деді Гамбург коммерциялық банкінің бас экономисі Сайрус де ла Рубиа. Тамыз айында жаңа тапсырыстардың тез құлдырауы жалпы индекске әсер ететін негізгі фактор болды. Есепке сәйкес, жаңа жұмыс орындарының ағыны 2023 жылдың қарашасынан бері күрт төмендегенін көрсетті.
Есепке сәйкес, тамыз айында орындалмаған жұмыстардың да, жұмыспен қамтудың да жылдам төмендеуі байқалды. Бұл зауыттарда бос қуаттар барын көрсетеді. Тауар өндірушілер алдағы жылға да өсу перспективаларына оптимистік көзқараспен қарап отыр.
Еуропалық валюта раллиі бәсеңдей бастады
Опциондарды сататын трейдерлер еуроға қатысты басқаша көзқарасты ұстанбақ, деп хабарлады Bloomberg. Еуро-доллар жұбы үшін тәуекелдердің бір айлық айналымы нөлден төмен түсті. Бұл еуроның төмендеуінен қорғау сыйлықақысының өсе бастағанын көрсетеді. Нарықтық позициялар мен көңіл-күйлердің барометрі болып саналатын көрсеткіш өткен аптада 2020 жылдың соңынан бергі ең жоғары деңгейге көтерілді.
ЕО валютасы өткен аптада 1,1202 долларға дейін өскеннен кейін, дүйсенбі, 2 қыркүйекте 1,1042 долларға дейін төмендеді. «Егер осы аптадағы АҚШ-тың жұмыспен қамту деректері еңбек нарығындағы жағдайдың реттеле бастағанын көрсетсе, ФРЖ қорларының фьючерстері доллардың пайдасына қарай түзетілуі керек. Бұл еуроның алыпсатарлық позициясын қысқартады», – деп атап өтті Brown Brothers Harriman нарық бойынша аға стратегі Элиас Хаддад.
Копенгагендегі Danske Bank валюталық зерттеулер бөлімінің басшысы Кристоффер Кьер Лумхольт те нарықтар еуро раллиін тоқтатудан қорқады деген пікірмен келісіп отыр.
Түркияның орталық банкі лираға қолдау көрсете бастады
2 қыркүйекте түрік лирасы елдің Орталық банкі шетел валютасына өсіп келе жатқан сұранысты тежеу үшін бірқатар қадам жасағаннан кейін күшейе түсті, деп хабарлады Bloomberg. Лира 0,7%-ға нығайып, 1 доллар үшін 33,9161 деңгейінде саудаланды.
Орталық банк лирадағы депозиттерді ұлғайту және өтімділікті қысқарту бойынша бірқатар жаңа шараны енгізді. Депозиттердің жалпы көлеміндегі лира үлесін арттыру үшін банктердің ай сайынғы мақсатты көрсеткіштері көтерілді. Сондай-ақ лирадағы міндетті резервтерді сақтау коэффициенті ұлғайтылды.
Тамыз айында лираның бес ай ішіндегі максималды төмендеуі тіркелді. Бұған жауап ретінде мемлекеттік банктер өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін америкалық валюта сатылымын көбейтті. Бір айда шамамен 10 млрд доллар сатылды.
Бұған дейін билік қатаң ақша-несие саясатын сақтап, депозиттер бойынша ставкалардың тартымдылығын қамтамасыз ете отырып, халықтың лирадағы жинақтарын көбейтуге тырысқан.