Энергетикалық шикізат көздері мол Қазақстан шынымен АЭС салуға мәжбүр ме?
6 қазан Қазақстанда АЭС салуға байланысты жалпыхалықтық референдум өтеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды. Бұл мәселе қоғамда да қызу талқыланды. Ал, сарапшылар қауымы не дейді? Energy monitor қоғамдық қорының басшысы, мұнай-газ саласындағы саррапшы Нұрлан Жұмағұлов өз пікірін ортаға салды.
Жақында ғана Түркиядан оралдым. Ол жақта көрші ресейлік компания «Аккую» атом электр станциясын салып жатыр. Бұл – салынып жатқанына 10 жылдан аса уақыт өткен өте үлкен, өте күрделі жоба. Оны 60 жылға дейін «Росатом» басқарады. Барлық инвестиция сол «Росатомнан» шығады. Ал АЭС іске асса да, аспаса да, Түркия оған ештеңе қайтармайды. Түркия тек келісімшартта белгіленген тарифке сәйкес төлеп отырады. Бірақ келісімшарт тарифі – килоВаттына 12.5 цент. Энергоблоктың 70 % осы тариф бағасымпен, ал қалған 30%-ы нарық бағасымен болады. Бұл бірінші 15 жылдың талабы. Ал 15 жылдан соң «Росатом» энергияны түгле нарықтың бағамен сатады. Қарап тұрсақ, кейінгі жылдары Түркияда бірнеше рет девальвация болып, түрік лирасы құнсызданды. Қазіргі таңда шарушалықыпен айналысатын қарапайым халық 250 килоВаттқа дейін 2.2 лира тарифі бойынша төлеп отыр. Ал энергияны бұдан көп пайдаланса, тариф 30%-ға өседі. 2.2 лираны теңгеге шаққанда сол 40 теңгенің шамасы, кейде бұл шама 60 теңгеге баруы мүмкін. Айналып келгенде бұл – сол 12 цент. Бірақ бұл тек көтерме бағасы. Оның арасында энегрия жеткізетін ұйымдар болады, лолардың тасымалы үшін қосымша ақша төлеу қажет. Бірақ бәрібір қарапайым халыққа бір баға, кәсіпорын иелеріне басқаша баға болады. Тура Қазақстандағы сияқты.
Түркиядағы суыту жүйелерінің әлсіздігіне байланысты «Аккую» станциясының құрылысы іске аспауы мүмкін деген алып-қашпа әңгіме болған. Дегенмен құрылысқа 22-24 миллиард доллар кетеді деп есептеп жатыр, соның 13,5 миллиарды игерілді. Құрылыста қазір 34 мың адам жұмыс істеп жатыр, бәрінің тамағы бар деген сияқты. Сондықтан жалпы алып қарасақ, жергілікті экономика жақсы дамып жатыр. Ол жақта үйдің бағасы Ыстамбулға қарағанда әлдеқайда жоғары. Ол жақта енді-енді жаңа үйлер салынып жатыр. Бұған қоса құрылыс аумағынан «Росатом» өзі бөлек сегіз мыңға адамға есептелген қалашық салып жатыр. Бұл қалашықтың өзінің мектебі, балабақшасы, сауда орталығы және тағы басқасы болады. «Росатомның» өзі сол құрылыс жүріп жатқан Мерсин жеріне бір ғасырға келдік деп отыр.
Қазір елімізде де АЭС салуға қатысты талқылаулар өтіп жатыр. Біз жылына шамамен 120 кВатт энергия тұтынамыз. Кейінгі бір-екі жылда 1.5-2 миллиард кВаттқа тең жетіспеушілік бары айтылып жүр. Біз оны Ресейден алып отырмыз. Адам саны артып жатыр, экономика өсіп, жаңа зауыттар салынып жатыр. Электромобиль саны да өсіп жатыр. Тұтыну көлемі жылдан-жылға арта береді. Жел, күн сияқты баламалы энергия электр станциялары да салынып жатыр. Энергетика министрілігі баламалы энергетика тапшылықтың үштен бірін қамтиды деп отыр.
Өз басым елге атом электр станциясы қажет деп ойлаймын. Баламалы энергия станциясы АЭС сияқты 30-40 жыл жұмыс істемейді. Атом электр станциясы тәулігіне 24 сағат істейді. Оның кемі екі энергоблогы болса, біріншісінде кішігірім жөндеу жұмыстары жүріп жатса, екінші үнемі жұмыс істеп тұрады. Қазір мұны халыққа түсіндіру қажет. АЭС салынатын болған күннің өзінде, ол ертең соғылып бітпейді. Оның құрылысына кемі 10-15 жыл қажет. Ал осынша уақытта біздің жағдайымыз не болады, экономикамыз қалай дамиды деген күрделі сұрақ бар.
Кейінгі кезде, мысалы, көбіміз газға өтіп жатырмыз. Әр қалада газ қондырғыларын орнатып жатырмыз. Алматыдағы ТЭЦ-тер көмірден газға көшіп жатыр. 15-20 жылға жетерлік газ бар ма? Оның бағасы қандай болады? Осыны да ойлану керек. Қазір жыл сайын газ бағасы 15%-ға өсіп отыр. Ішкі нарық бағасы инвесторларды аса қызықтырмайды. Сондықтан бір жағынан осы салаға инвестор тарту үшін де газ бағасын өсіріп жатыр деуге болады.
Қазақстанның мұнайлы мемлекет бола тұра, атом секілді күрделі құрылысты қолға алуға тырысып жатқанына бірнеше себеп бар. Бізде жалпы ілеспе газ көп. Мұнаймен бірге шығатын газ. Ал құбыр арқылы өтетін газ – табиғи метан газ. Бізде шығып жатқан газ құрамында бутан да бар, пропан да бар, басқа да қоспалар бар. Оны тазалау қажет. Ол үшін газ өндіретін зауыттар салу керек. Қазір біз шамамен 60 текше метр газ өндірсек, оның кемі 35%-н жерге кері айдаймыз. Біріншіден, бұл жерасты қысымды сақтау үшін жасалады. Екіншіден, бізде газ өңдейтін зауыт жоқ. Алайда оны салу да өте қымбат. Оны ақша құйып, салғанның өзінде инвестиция аөталмайды. Өйткені мемлекет кейін газды тым төмен бағаға сатып алады. Қарап тұрсаңыз, инвестор қайырымдылықпен айналысатын адам емес. Ал мемлекеттің ондай зауыт салуға ақшасы жетпейді. 30 жыл бойы осылай жылжып келеміз.
Екі энергоблок құны 15 миллиард болады делік. Бұл тұста Қазақстанда жергілікті ресурстарды, жергілікті материалдарды пайдалануды барынша пайдалануы керек. Себебі осылайша салынған қаражаттың жартысы біздің экономикамыздың пайдасына жұмсалады. Кемі 10 мың адам құрылыста істесе, мамандарымыз да жеткілікті. Құрылысқа қажет темір-терсегімізді, не бар-не жоқ – барлығын барынша қолдану керек. Мысалы Түркияның өзінде елде алғашында арматура өндірілмейтін. Бір инвестор осы жобаға бес жыл ертеден дайындалып, осы жоба аясында АЭС қажет арматура өндіретін зауыт соқты. Қазір енді тауарын экспорттап отыр. Шымкентте сорғы шығаратын зауыт ашылды. Олар қазірдің өзінде Түркиядағы, Үндістандағы АЭС салуға сол арматураларды жіберіп отыр. Осы сияқты өзімізде өнідіріліп жатқан тауарларды қолданатын болсақ, бұл экономикамызға мультипликативті әсер етеді. Бізде ядролық физика институты да бар. Сондықтан маман да жеткілікті.
Қазіргі таңда орташа есеппен бір миллиард текше метр газ өңдеу бағасы — бір миллиард доллар. Демек 15 миллиард долларға 15 миллиард текше метр газ өңдейтін зауыт салуға болады.
АЭС салуға келсек, басты сауал: Оны кім салады? Жаңа айтқанымдай, оны мемлекет сала алмайды. Ал инвесторлар үшін бұл нәрсе аса тиімді деп айта алмаймын. Қазір өзімізде ақша болмаған соң Қатарлық инвесторларды тартып Қашаған газ зауытын салып жатырмыз. Оның бюджеті қандай болары әзірге белгісіз. Бірақ инвесторлар міндетті түрде өздері үшін де тиімді болатын шартқа келісетіні анық. Олар ең әуелі салған инвестициясын кері алуы керек. Сондықтан олардың сұранысын өтеу үшін тариф те жоғары болуы керек.
Демек, мәселе қарапайым халықтың қалтасына байланысты болып тұр ғой. Қарапайым халық жоғары тарифке келіссе, инвесторлар да зауыт салуға қаражат құюға дайын. Сол үшін мемлекет жыл сайын ақырындап 10%-ға көтеріп келе жатыр. Барлық энергия көзінің құны артып жатыр. Болашақта арзан энергия көзі болмайды.
АЭС салуға қарсы болып жатқандардың көбі бізде жер көп, жел көп, баламалы энергия станцияларын салуға болатын мүмкіндік көп деп және мұның арзан екенін айтып жатады. Бұл тұста жел қайдан соғады деп сұрау керек. Ол «Жоңғар қақпасы» маңында. Сондықтан мұндай станцияны салу бір бөлек, одан кейін электр энергиясын қажет аумаққа тасымалдау бір бөлек жұмыс. Күн электр станциялары қыста қатып қалады, қар жауса, істемей қалады. Бұларды тұрақты энергия көзі деп атай алмаймыз.
Алайда мұнай-газы жоқ, энергия тапшылығын көріп отырған мемлекет көп. Олардың бәрі бірдей АЭС салуға талпынып жатқан жоқ қой.
Негізу Еуропа елдерінде жағдай басқаша. Швеция мен Швейцариядағы энергияның 30 %-ы, Францияда 60%-ы, Оңтүстік Кореядан 25%-ы АЭС арқылы келіп отыр. Қазақстанның АЭС-арқылы энергия үлесі тек 10-15% болады.
АЭС салуға кететін қаражатқа, яғни құнына келсек, негізі бір станцияның бағасы бес миллиард. Бірақ логистикаға көп ақша кетеді. Үлкен құрылғылар Оңтүстік Кореядан, Жапониядан келетін болар. Олардың ұшақпен алып келе алмайсыз. Теңіз арқылы елге жеткізіп, артынша көлікпен тасу керек болады. Шығынның орындылығын есептегенде АЭС-тың 60-80 жыл жұмыс істейтінін ескеру керек. 80 жылға шақсақ, 15 миллиард аса көп ақша емес сияқты.
Мұнай тақырыбына көшсек. Мұнай саласының мамандары кейінгі кезде елімізде мұнай-кен орындарының барлау жұмыстарының төмендегенін мойындай бастады. Оның себебі неде? Елімізде мұнай өндіретін кен азайып жатыр ма, әлде барлау жұмысына инвесторлар құлық танытпай отыр ма?
Жаңа, мүлдем зерттелмеген жерлі қазу өте қымбатқа шығады. Мұны екінің бірі істей бермейді. Инвесторлар көбіне сонау кеңес заманынан келе жатқан ақпаратпен жұмыс істеп келеді. Шетелдік инвесторларға бізге келгісі келмейді. Себебі Қазақстанға келсе, кемі 30% мұнайды жергілікті нарыққа, мұнай өңдеу зауыттарына өз бағасымен беруі керек болады. Экспорттауға тек 50-70%-ы қалады.
Бізде салық мөлшері өте жоғары. Кезінде норвегиялық инвесторлармен сөйлескенде қазір олар үшін Қазақстан қызық емес екенін айтты. Оның орнына қаражатты Африкаға құйса, көбірек ақша табады екен. Өйткені Қазақстан – жабық мемлекет. Біз мұнайымыздың 97% –н Ресей арқылы экспорттаймыз. Біз осы тұрғыда қатты тәуелдіміз. Мұнай шығару бір бөлек, оны экспорттау мүлдем бөлек күрделі жұмыс. Сол үшін Қазақстан қазір мұнай-газ саласында аса бір әлеуетті емес мемлекетке айналып отыр. Бұған қоса қазір бізде оңай мұнай бітті. Бұрын үш мың метрге дейін қазып, мұнай шығаратын. Одан әрі қазбайтын, себебі ол үшін өте мықты әрі қымбат тұратын бұрғылау технологиялар қажет еді. Мысалы, Қызылорда облысында кейінгі 10-15 жылда мұнай өндірісі үш есе қысқарды. Кезінде жылына 12,5 миллион тонна беретін, қазір бұл шама тіпті төрт миллионға жетпей тұр. Сондықтан қазір Қазмұнайгаз тереңдігі 5500 метр болатын ұңғы қазып бастады. Бұл енді өте қымбатқа шығады. Сондықтан мемлекет, жнергетика министрлігі жер қойнауына өзгеріс енгізді. Оған сәйкес, енді компаниялар кейбір салықтан босатылады. Алып-сату ережелеріне жеңілдік жасалған. Себебі ол ұңғыны қазам дегенше кемі бір жыл тендерге кетеді. Бюрократиялық процесс уақытты жеп қояды. Ал компания Каспиде жұмыс істесе, жергілікті нарыққа мұнай тасымалдаудан босатылады. Осының арқасында азды-көп болса да, инвесторларға Қазақстанға қайта келіп жатыр.
Елде мұнай қорының таусылып жатқаны да басты мәселенің бірі болып тұр. Себебі біз кейінгі 20-30 жылда үлкен бір мұнай-кен орнын тапқан жоқпыз. Қазмұнайгаз серіктестерімен бірігіп осы мақсатта қазір ұңғыларды қазып жатыр. Ал қалған мұнай қорына келсек, жақында ғана Қазмұнайгаз басшысы 2,7 миллиард тонна мұнай қоры бар деп есеп берді. қазір жылына 90 миллион тонна мұнай өндіріп отырмыз. Егемендігімізді алғалы 33 жылда 2 миллиард тонна мұнай өндірдік. Демек, қорымыз шамамен 20-25 жылға жететін болар. Ал газ қорымыз жеткілікті, шамамен төрт триллионнан асады. Газ көп, бірақ оны шығарып, өңдейтін зауыт салу қымбат болып тұр.
Кейінгі 15-20 жылда елімізге инвесторлар келіп жатқан жоқ. Мұны содан-ақ білуге болады. Қазір тіпті Қытайдың өзі инвестор болудан бас тартып отыр. Инвесторларға біздің нарық қызық емес болып кетті. Біз газды отын ретінде қолданатынбыз. Газдан ешнәрсе шығармайтынбыз. Қазір мемлекет осыны түсінді, стратегия өзгерді. Газдан қосымша өнім алуды көздейтін газ-химия саласы қолға алынып жатыр. Екі жыл бұрын Атырауда полипропилен шығаратын зауыт іске қосылды. Бұл жерде «Теңіз» кен орнының пропанынан полипропилен өндіріледі. Жоспар бойынша, алдағы уақытта сол кен орнының жтан газынан полиэтилен шығару керек. Бұл өте күрделі жоба. Есептесек, мұның шығыны сол атом электр станциясымен бірдей болады. Себебі тек полиэителн зауытының шығыны – 7,7 миллиард, ал кен орнынан этанды бөліп шығару үшін арнайы зауыт керек. Оның бағасы кемі 2,5 миллиард болады.
Айта кетейік, мұнай көлемінің азаюымен бірге ұлттық қорға түсетін қаржының да көлемі азая береді. 30-40 жыл шеңберінде қарасақ, «Теңіздің», «Қарашығанақтың» мұнайы таусылады. Ал алдағы онжылдықты алсақ, ұлттық қорға, керісінше, көбірек ақша түседі. Себебі «Теңіз» кен орнын кеңейту жобасы іске қосылады. Оның аясында жылына қосымша 12 миллион тонна мұнай өндіріледі. Демек, мұнай бағасы түспесе, жылына қосымша шамамен 50% салық түседі.
Қазмұнайгаз қазір Каспий төңірегінде барлау жүргізіп жатыр. Себебі мұнай табылса, инвестор да табылады. Каспий төңірегінде жобалар бөлек-бөлек жасалмауы керек. Барлығы ортақ құбырды пайдаланып, бірге газ өңдейтін зауыт салуына болады. Осылайша, инвестициялық салымды жеңілдетуге болады. Осыдан соң инвесторларды да тартуға болады.
Қазақстан мұнайдың арқасында дамып келе жатыр. Кейінгі бір-екі жылдықта салықтан 22 триллион түсті. Соның 40%-ы мұнай-газ секторынан түсіп отыр. Мұнайдан салық көп түспейді деген өтірік әңгіме. 2022 жылы мұнайдың орташа жылдық бағасы 100 доллар болды. Сол кезде тек ұлттық қордың өзіне рекордтық сома – 6,4 триллион тек мұнай-газ секторынан түскен еді. Ал жалпы бюджетке 10 триллион түсіп, соманың 50%-н жапты.
Дамыған немесе дамып жатқан мемлекеттердің экономикасы халықтың жеке табыс салығынан құралады. Американың өзінде бұл көрсеткіш 50%-ға жуықтайды. Ал Қазақстанда ол 10%-ға да жетпейді. Демек, қарапайым халық мемлекетке ақша салып жатқан жоқ. Қайта сол мұнай-газ секторы экономикамыздың сәл де болса, ілгерілеуге жағдай жасап отыр. Бәрі салықпен шектелмейді. Бізде отын көрші мемлекеттерге қарағанда арзан. Табиғи газ өте арзан. Күзде, көктемде егішілерге арзан дизель отынын мемлекет емес, мұнай-газ компаниялары береді. Бізде барлығын мұнай-газ компанияларына жүктеп қойған. Бір күрделі жұмыс болса, бірінші боп тағы сол мұнай-газ компаниялары демеуші болады. Спорт кешендері сияқты әлеуметтік жобаларды да мұнай-газ компаниялары жүзеге асырады. Халық ақша қайда кетіп жатқанын әкімдіктерден сұрауы керек. Өйткені мұнай-газ компнаиялары инвестициялық шығының 1%-н әкімдікке жіберіп отырады. Ол ақша қаладағы бордюрлерді ауыстыруға, ескерткіш орнатуға және тағы басқасына жұмсалады. Бұл ақшаға ауылдағы жолды жөндеп, транформаторларды, электр сымдарын ауыстыруға болады. Халық осы ақшаның есебін сұраса болады.