«Қазмұнайгаз» компаниясы 1 млрд долларға тең еурооблигацияларын кері сатып алмақ

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
ҚМГ облигацияларына buyback жариялады / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы жалпы құны 1 млрд доллар болатын еурооблигацияларын кері сатып алмақ. Бұл туралы компания хабарламасы Қазақстан қор биржасында жарияланған.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бен KazMunaiGaz Finance Sub B. V 4,75%-бен 1 млрд долларға тең болатын еурооблигацияларына buyback жариялады. Бұл облигациялардың өтеу мерзімі – 2027 жыл.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және KazMunaiGaz Finance Sub B. V бүгін әрбір ұстаушыға (ұсынуға және таратуға белгілі бір шектеулерді ескере отырып) эмитент шығарған 2027 жылы өтеу мерзімімен 4,750%-бен 1 000 000 000 АҚШ доллары көлеміндегі өтелмеген негізгі облигацияларын қолма-қол ақшаға сатып алуға шақыруын жариялайды», – делінген ұсыныста.

Тендерлік ұсыныс 2024 жылдың 3 қыркүйегінде күшіне енді және Нью-Йорк уақыты бойынша 10 қыркүйекте 17:00-де аяқталады.

«ҚазМұнайГаз» компаниясының таза пайдасы 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 550 млрд теңгені құрады. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл 12,5%-ға артық.

Таза пайданың өсіміне негізінен түсімдердің, уақытша бос ақшаны орналастырудан түсетін пайыздық кірістің, сондай-ақ қаржы кірісінің артуы себеп болған. Жалпы түсім 7,5%-ға өсіп, 4,23 трлн теңгеге жетті. Өндіріс шығындары 8,2%-ға өсіп, 639 млрд теңгені құрады.

«ҚазМұнайГаз» – Қазақстанның мұнай-газ саласының ұлттық операторы. Компанияның 67% акциясының иесі «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (67,42%) мен ҚР Қаржы министрлiгi (20%). ҚР Ұлттық банкіне 9,58% акциясы тиесілі.

Сондай-ақ оқыңыз