Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев ұсталды

Жарияланды
Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев ұсталды / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевты ұстағанын ресми түрде растады.

Оның 3 қыркүйекте ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-тармағының 3-бөлімінде және 362-бабының 4-тармағының 3-бөлімінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзғаны үшін ұсталғаны анықталып отыр. 

Аудан әкімдігіндегілердің әкімнің ұсталғанынан хабары жоқ болып шыққан еді. Олардың ақпаратынша, ол сырқаттанып емделуге кеткен.

Бағдат Қарасаев Іле ауданын 2018 жылдық қыркүйек айынан бастап басқарып келеді. Оған дейін Алматы обылысы әкімінің кеңесшісі, Талдықорған қаласының әкімі, облыс әкімінің аппаратының бастығы болып қызмет атқарған.

Іле ауданының әкімшілік орталығы – Өтеген Батыр ауылы. Бұл аумақ арқылы теміржол тораптары, автокөлік жолдары өтеді. Алматы облысының ең бай ауданы болып есептелінеді. Ел бюджетіне көп пайда түсіреді.

Сондай-ақ оқыңыз