Қырғызстанда «Куликовский» кондитерлік үйінің кеңсесінде тінту жұмыстары жүргізілді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
«Куликовский»
«Куликовский» кеңсесінде тінту жұмыстары жүргізілді / Коллаж kursiv.media, бильд-редактор Аружан Махсотова

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) «Куликовский» кондитерлік үйінің бас кеңсесінде бухгалтериядан барлық құжатты алып кетті. Бұл туралы Kaktus.media құқық қорғау органдарына сілтеме жасап хабарлады.

Қырғызстандық басылымның мәліметінше, тінту жұмыстары 3 қыркүйек күні Бішкек қаласындағы Құрманжан Датқа көшесінде орналасқан кеңседе болған. Құжаттармен қатар, фирманың компьютерлері де тәркіленген. Болжам бойынша, тергеу «Куликовскийдің» салық бұзушылықтармен байланысты болуы мүмкін.

Компанияның айтуынша, тергеу барысында кондитерлік үй өз жұмысын жалғастырады.

Айта кетейік, «Куликовский» кондитерлік үйі 1991 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл халықаралық кондитерлік желі Қырғызстан, Ресей және Қазақстанда кеңінен танымал. Біздің елде «Куликовскийдің» фирмалық дүкендері ерекше сұранысқа ие. Кондитерлік үй облыс орталықтарында да кеңінен таралған, ал Алматыда оның 50 дүкені бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Камчы Колбаев лақап аты Асанбек бастаған қылмыстық топты қаржыландыру фактісі бойынша қазақ кәсіпкері, «Симирам» демалыс орталығының иесі – Таиров Ясынжан Ниязұлы азаматына іздеу жариялаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз