«Ерекше ерік-жігер танытты»: Тоқаев Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Давид Дегтяревті құттықтады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Тоқаев Давид Дегтяревті құттықтады / фото: ұлттық олимпиада комитеті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Давид Дегтяревті құттықтады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Давид Дегтяревті Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймын! Ол ерекше ерік-жігер танытып, жеңіс тұғырынан көрінді, – деп жазды Президент өзінің Х әлеуметтік желідегі парақшасында.

XVII жазғы Паралимпиада ойындарында пара пауэрлифтингтен 54 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Давид Дегтярев алтын медаль жеңіп алып, екі дүркін паралимпиада чемпионы атанды.

Айта кетейік, Давид Дегтярев парапауэрлифтингпен 2016 жылы айналыса бастады. Дегтярев үшін алғашқы жарыс 2016 жылы Көкшетау қаласында өткен «Надежда» облыстық спартакиадасы болды.

2021 жылдың мамырында Тбилисиде 185 кг штанганы көтеріп, Азия рекордын жаңартты және әлем кубогының жеңімпазы болды. Осы жеңістен кейін Дегтярев Паралимпиада ойындары алдында әлемдік рейтингтің көшбасшысы болды.

Токиода 2020 жылғы жазғы Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды.

2023 жылдың тамызында Дубайда 180 кг салмақты көтеріп әлем чемпионатында тағы да жеңіске жетті. 2023 жылдың қазан айында Ханчжоуда өткен IV Азия пара ойындарында Давид 186 кг салматы көтеріп алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, Азия мен Азия пара ойындарының жаңа рекордын орнатты.

Сондай-ақ оқыңыз