Алматы облысының Үлкен ауылында сібір күйдіргісін жұқтырғандар саны артып барады

Жарияланды
Үлкен Ақсу ауылында карантин
Үлкен Ақсу ауылында сібір күйдіргісін жұқтырғандар көбейді / shutterstock

Алматы облысы Үлкен Ақсу ауылында сібір күйдіргісін жұқтырғандар саны он адамнан асты. 9 қыркүйектегі жағдайға байланысты осындай күдікпен 16 адам ауруханаға жатқызылды.

Бұл туралы Алматы облысының әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Күдіктенген 16 адамның арасында 11 науқастың «сібір күйдіргісін» жұқтырғаны нақтыланды. Тағы төрт адамның диагноз расталмаған, бір науқастың сынамалары тексеріліп жатыр.

Ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта науқастың барлығы да қажетті ем-домын алып жатыр. Олардың жағдайы бірқалыпты.

Дүйсенбі, 9 тамыз күні Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «сібір жарасы» тіркелуіне орай құрылған шрабтың отырысын өткізген. Облыс басшысы эпидемия ошағын оқшаулау және санитарлық-эпидемиологиялық шараларды күшейтуді тапсырған.

Алматы облысы әкімдігінің хабарлауынша Ұйғыр ауданындағы бұл ауылдың жағдайы толық бақылауға алынған.

Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алмат Тұрысбекұлының айтуынша, қазіргі уақытта аурудың таралуы байқалып отырған жоқ. Дегенмен, ол облыс тұрғындарын сақ болуға шақырды.

Ол ет пен ет өнімдерін тек тексерілген орындардан сатып алуды және мал бағу кезінде сақтық шараларын ұстануды ұсынды.

Еске сала кетейік, 1 қыркүйекте Үлкен ауылының тұрғындары «сібір жарасын» жұқтырды деген күдік туған болатын. Облыстың баспасөз қызметі Ұйғыр ауданының Үлкен Ақсу ауылдық округінде «Сібір күйдіргісін» жұқтырды деген күдік тудырған төрт жағдай тіркелгенін хабарлаған болатын.

«Алдын ала мәліметтер бойынша  инфекция ауру малды сою кезінде жұққан болуы мүмкін«, деп хабарлаған Алматы облысының әкімдігі.

Ол кезде уруханаға түскен науқастардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланған болатын. Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алмат Тұрысбекұлының дерегінше,  тері ауыруының бұл түрі – кең талаған инфекциялық сырқат. Дегенмен, уақтылы ем дом алған науқастың қалпына келу мүмкіндігі жоғары.

Ал, 5 тамыз күні Қостанай облысындағы Приречное ауылында ірі қара малдан «сібір күйдіргісі» табылған болатын. Осыған орай аталған ауыл карантинге жабылған еді.

Сондай-ақ оқыңыз