Алматыда қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшылығы мен қызметкерлері тергеліп жатыр
Жарияланды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
«Лауазымды қызметкерлерге Қылмыстық кодекстің 361 бапта (лауазымды өкілеттілігін теріс пайдалану), 362 (лауазымды өкілеттілігін асыра пайдалану) және 366 бапта (пара алу) көрсетілген қылмыстық заң бұзушылық жасады деген күдік келтіріліп отыр», – делінген хабарламада.
Сот санкциясымен 3 адам қамауға алынды.
Кеше Алматыда тергеу изоляторының бастығы Мұратжан Кәкімжановтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.