24 қыркүйектен бастап Ташкент-Мәскеу бағытында жолаушылар пойызы қайта қатынайтын болады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ташкент-Мәскеу жолаушылар пойызы қайта қатынайды / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

2022 жылы қатынауды тоқтатқан Ташкент — Мәскеу — Ташкент бағытындағы пойыз 2024 жылдың 24 қыркүйегінен бастап қайта қатынайды деп хабарлайды Өзбекстан темір жолдары.

Өзбекстанның темір жолдарына жауапты компанияның мәліметінше, жыл соңына дейін пойыз аптасына бір рет 2025 жылдан бастап екі рет жүретін болады. Жолға 3 күндей уақыт кетеді. Пойыз Пенза, Самара, Орынбор, сондай-ақ Ақтау арқылы өтеді.

Ташкент-Мәскеу бағытында жүретін № 505 пойыз 24 қыркүйек, 2 қазан, 10 қазан, 26 қазан, 2 қараша, 18 қараша, 26 қараша, 4 желтоқсан, 12 желтоқсан күндері жолға шығады.

Ал Мәскеуден Ташкентке бет алған № 506 пойыз 28 қыркүйек, 6 қазан, 14 қазан, 30 қазан, 6 қараша, 22 қараша, 30 қараша, 8 желтоқсан күндері жүреді

Билетті 45 күн бұрын сатып алатын болса, плацкарт вагонның билеті 2 456 360 сум, (94 475 тг) купенің билеті — 3 328 370 сум (128 000 тг) болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін шілде айында Иран, Қазақстан, Түркіменстан «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамытуға арналған жол картасы іске қосылғаны туралы жазған едік. Қытай мен Иран арасындағы темір жол қатынасы да қайта іске қосылған еді. Айта кетейік, бұл темір жол Қазақстан арқылы өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз