Түркия Украинаның тұтастығын қолдайды: Ердоған Қырымды аннексиялау заңсыз екенін айтты

Жарияланды (жаңартылды )
Ердоған Қырымды аннексиялау заңсыз екенін мәлімдеді/ Фото: aa.com.tr

Түркия Президенті Қырым түбегі Украинаға бейбіт жолмен қайтарылуы керек деп есептейді.  

«Анкара Украинаның аумақтық тұтастығы, егемендігі мен тәуелсіздігін қолдайтыны туралы ұстанымына өте берік», – деді Режеп Тайып Ердоған.

11 қыркүйекте Киевте өткен Қырым платформасының 4-саммитіне арнаған бейне үндеуінде Ресей аннексиялаған аумақты Украинаға қайтаруға шақырды.

«Қырымды Украинаға қайтару – халықаралық құқық талабы»,  – деді сөзін нығарлаған Түркия президенті.

Ердоған Қырымды аннексиялау заңсыз екенін, бұл қадамды ешқашан мойындамағанын атап өтті. Түркияның мемлекет басшысы қырым-татар түріктерімен бауырластықты нығайтуға нақты қадамдар жасайтынын жасырмады.

 «Украинаның аумақтық тұтастығын, егемендігі мен тәуелсіздігін ескере отырып, Түркия соғыстың әділ және бейбіт қалыпта аяқталуын шын жүректен қалайды», – деп түйіндеді Ердоған.

«Қырым платформасы» – Украина бастамашы болған халықаралық консультация және үйлестіру форматы, оның жұмысы Қырымды Киевке «бейбіт» жолмен қайтаруға бағытталған.

Астанада ШЫҰ саммиті өткен кезде Путин Түркия Президентімен кездесті. Сол кезде Ресей басшысы Түркияға жуық арад баратынын айтқан. Ол Ердоғанмен жиі сөйлесетінін алға тартқан.

Сондай-ақ оқыңыз