ЕАЭО елдері арасында Қазақстандағы өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіші нашар
Қазақстан қаңтар-шілдеде ЕАЭО мемлекеттері арасында өнеркәсіп өндірісінің ең төмен қарқынын байқатқан. 7 айда елдегі өнеркәсіп 2,9% өскен. Бұл көрсеткіш бойынша тек Қырғызстаннан алда келеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия дерегіне сүйенсек, өнеркәсіп саласындағы өсім бойынша, Армения көш бастап тұр. Бұл елде жыл басынан бергі өсім 15,7%-ды құрайды. Одан кейін Беларусь (7,5%) пен Ресей (4,8%) келеді.
Осы кезеңде ЕАЭО елдеріндегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 2023 жылғы қаңтар-шілде көрсеткішімен салыстарғанда, 104,8% өскен. Нақты айтқанда, өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі 8,4%-ға, электрмен жабдықтау, газ, жылу – 4,1% өскен. Ал тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс сәл азайған.
Еуразиялық экономикалық одаққа 5 ел кіреді: Олар: Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь.
Бұған дейін S&P Global агенттігі Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі кейінгі бес жылда қарқынды өсім көрсетті деп мәлімдеген еді. Өңдеу өнеркәсібі алты ай қатарынан жақсы көрсеткіш байқатты. Ал тамыздағы өсу қарқыны – кейінгі бес жарым жылдағы ең жылдамы болды. Оған сұраныстың артып, тапсырыстың көбеюі себеп.