«Тапсырыспен кісі өлтірген қылмыскер мерзімінен бұрын босатылмауы керек» – Тәтішевтің туыстары соттан кейін пікір білдірді

Жарияланды (жаңартылды )
Фото: kursiv.media архивінен

Алматы облыстық соты Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін сотталған Мұратхан Тоқмәдиді мерзімінен бұрын босатуға рұқсат бермеді. Бұл –Тәтіштер отбасының жеңісі. Сот шешіміне қатысты олар пікір білдірді. Айтуынша, 11 қыркүйекте Ұлытау облыстық соты Тәтішевтердің Тоқмәдидің 10,5 айға бостандығынан айыру мерзімін қалпына келтіру туралы шағымын қанағаттандырыпты.

Ержан Тәтішевтің ұлы Алпамыс Тәтішев Алматы сотының шешіміне разы екенін білдірді. Оның айтуынша, қасақана, тапсырыспен кісі өлтірген қылмыскерді мерзімінен бұрын босатуға болмайды.

«Арада 20 жыл өтсе де, отбасымыздың әкеміз үшін қарсы тұра алатындай күшіміз бар. Қанша отбасы мұндай мүмкіндіктен айырылып отыр? Қаншама ана, әке, аға мен бала жақын адамын өлтірген қылмыскердің бостандыққа шыққанын көріп отыр? Бір қалада тұрып, бір көшемен жүреді. Кісі өлтірушілер туралы шешім шығарған кезде, түзету мекемелері мен соттар мұны есінен шығармауы керек. Бүгінгідей, құрбан болған адамның отбасының пікірі мен сезімдерін ескеру керек», – дейді Алпамыс Тәтішев.

Еркін Тәтішев кісі қолынан қаза болған марқұмдардың отбасы тергеу кезінде ғана емес, көп жыл өткен соң да туысының құқығы үшін күресуге мәжбүр екеніне қынжылды.

«Тәжірибе көрсетіп бергендей, қылмыскерлер қылмыскер болып қалады. Жазадан қашуға ұмтылады. Кез келген тәсілмен. Біз сот процесін ұттық. Кеше Ұлытау соты біздің шағымымызды қанағаттандырды. Жезқазған сотының қаулысының күшін жойды. Мұны біз – жәбірленушілер істеуге тура келді. Біз – қылмыс құрбандары 20 жыл өтсе де, әділеттіліктің орындалуын қадағалап жүрміз», – деді Еркін Тәтішев.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Аманжол Мұхамедяровтің айтуынша, Жезқазған қалалық соты заңсыз бостандықтан айыру мерзімін 15 айға заңсыз қысқартқан.

«Біз іс материалдарымен танысқан кезде, заң бұзушылықтарды байқап, Ұлытау облыстық сотына шағым түсірдік. Аппелляциялық инстанция кеше шағымымызды қанағаттандырды. Сот қаулысын қайта қарады», – деді адвокат.

Қонаевта өткен сот отырысы кезінде прокурор Азамат Рақымқожаев жәбірленуші тараптың дәйектерін қолдады. Сотталушының қылмысы үшін өкінбегенін баса айтты.

«Мекемелерде қатаң тыйым салғанына қарамастан, кеше Тоқмәди түрмеде мобильді телефонмен ұсталды. Бұл оқиға қамауға алынса да, оның ережелерге немқұрайды қарап келгенін көрсетеді», – деді прокурор.

Сондай-ақ оқыңыз