Криштиану Роналду «миллиардер» болды

Жарияланды
@cristiano Youtub арнасының скриншоты

Португалия құрама командасының және Сауд Арабиясының «Әл-Насра» командасының футболисі Криштиану Роналду әлемдегі ең ірі әлеуметтік желілерде миллиард жазылушысы бар бірінші адам болып отыр.

Роналду жұма күнге қараған түні миллиардтық белесті бағындырды. Футболистің Instagram, Facebook, Х желісі, YouTube, Kuaishou және Weibo-да парақшалары бар.

«Біз тарихқа кірдік – миллиард жазылушы! Бұл – жай ғана сандар емес, ортақ құмарлықтың, ойынға деген сүйіспеншіліктің куәсі. Мадейра көшесінен бастап әлемнің ірі ареналарында мен өзімнің отбасым және сіздер үшін ойнадым. Енді біздің санымыз миллиардқа жетіп отыр. Жақсы күндер әлі алдымызда. Біз бірге күресіп, бірге жеңіп, тарихты бірге жасайтын боламыз», – деп жазды Х әлеуметтік желісінде.  

Роналду 2025 жылы ақпан айында 40 жасқа толады. Ол бес мәрте «Алтын допқа» ие болды. Әлемдік футбол тарихында ресми матчтардағы ең үздік гол соғушы атанды. Сонымен қатар, 900 гол соққан алғашқы футболист ретінде тіркеліп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз