4 миллиард теңгеге жалған құжат жасап, мемлекетке 1,5 миллиард теңге салық төлемеген директорға іздеу жарияланды

Жарияланды
Фото: кursiv.media архивінен

Қаржылық мониторингі агенттігі 4 млрд теңгеге жалған құжат жасап, мемлекетке 1,5 млрд теңге салық төлемеген Руслан Омаровқа іздеу жариялады.  Ол 1986 жылы Ақтөбе облысының Алға қаласында туылған.

«Бұл азаматқа іс жүзінде орындалмаған жұмыс, қызмет, тауарларға шот-фактура жазу әрекетін жасағаны үшін күдік келтіріліп отыр.2011 жылдан 2013 жылға дейін Р.У. Омаров Sunkar Logistics ЖШС-ның директоры ретінде контрагенттер үшін құны 4 млрд теңге болатын жалған бухгалтерлік құжаттарға қол қойған», – делінген хабарламада.

Мемлекеттік кірістер органының дерегінше, төленбеген салық ретінде мемлекетке келтірілген шығын 1,5 млрд-тан асып жығылады.

Sunkar Logistics ЖШС кең асортиментте көтерме саудамен айналысады. Ақтау қаласының Өнеркәсіптік аумағында орналасқан. Statsnet дерегінше, жетекшісі де, құрылтайшысы да – Кононов Роман Андреевич. Қаржылық операциялар туралы мәліметтер көрсетілмеген. Төлеген салығы туралы ақпарат жоқ. Мемлекетттік кірісте комитетінің дерегінше, 2019 жылдан бері бір теңге де салық төлемеген.

Мұның алдында  төлем тапсырмаларына жалған мәліметтер енгізіп, өзіне сеніп тапсырылған 27 миллион теңгеге жуық қаражатты жымқырған әйелдің Түркиядан қайтарылғаны жайында жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз