2025 жылдан бастап қазақстандық барлық банктерге ортақ бірыңғай QR-код енгізіледі

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Қазақстан банктері бірыңғай QR-код жүйесіне қашан өтеді? / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Ұлттық банк 2025 жылдың бірінші жартысында елдегі барлық банктер үшін бірыңғай QR кодты енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР ҰБ Ұлттық төлем корпорациясының басқарма төрағасы Бинұр Жәленов мәлім етті.

«Биыл банкаралық аударымдар мүмкіндігін телефон нөмірі бойынша, ал келесі жылдың бірінші жартысында бірыңғай QR арқылы қосамыз деген жоспар бар. Осы бағытта жұмыс жүріп жатыр», – деп жазды Бинұр Жәленов.

2024 жылғы ақпан Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов Қазақстанда 2024 жылдың соңына қарай бірыңғай QR іске қосылатынын айтқан болатын. Тіпті ол бас банк екінші деңгейлі банктерді бірыңғай QR-код бойынша төлемге қосылуға міндеттеуі мүмкін деп ескерткен еді. 

Еске сала кетсек, 2022 жылы Қазақстанда барлық банк үшін бірыңғай QR коды енгізілетіні хабарланған.

Сондай-ақ оқыңыз