Қырғызстанда дәстүрлі медицинаны заңдастыру мүмкін

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қырғызстанда дәстүрлі медицинаны заңдастыру мүмкін / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі дәстүрлі медицинаны заңдастырғысы келеді. Осыған орай, министрлер кабинеті қаулысының жобасы әзірленді деп хабарлайды econimist.kg

Қырғызстандық басылымның мәліметінше, Денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиевтің бастамасымен Қырғызстан Министрлер Кабинеті қаулысының жобасын қоғамдық талқылауға шығарды.

Сондай-ақ министр дәстүрлі медицина саласындағы білімді оқыту және жүйелеу үшін материалдық-техникалық база құру сияқты бірақатар ұсыныстарды айтты:

  • Халықтық емдеудің практикалық әдістерін зерттеп, жүйелеп, оқыту бағдарламаларын әзірлеу.
  • Дипломды мамандарды даярлау үшін дәстүрлі халықтық медицина (ине рефлексотерапиясы, қолмен емдеу, фитотерапия, апитерапия және т.б.) кафедрасының, институтының және оқыту мектептерінің материалдық-техникалық базасын құру.
  • Қырғыз мемлекеттік медицина қайта даярлау және біліктілікті арттыру институты (ҚММИҚБА) базасында дәрігерлердің дәстүрлі медицина бойынша дипломнан кейінгі оқуын күшейту.
  • Дәстүрлі қырғыз медицинасының ғылыми-зерттеу институтын немесе академиясын ашу.
  • ҚММИҚБА базасында ординаторлар мен аспиранттардың оқытуын күшейту және дәстүрлі медицина бойынша ғылыми дәрежені қорғау үшін диссертациялық кеңес ашу.
  • Барлық ауруханаларда дәстүрлі медицина мамандықтары бойынша бюджеттік орындарды ашу.
  • Дәрі-дәрмектерге шикізат ретінде емдік шөптер плантацияларын ұйымдастыру.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қытайлық инвесторлардың қолдауымен, Қырғызстанда шығарылатын мотоциклдердің алғашқы партиясы сатылымға шыққаны туралы жазған едік. Мотоциклдер 400 килограммнан 2 тоннаға дейінгі жүк тасымалдауға арналған.

Сондай-ақ оқыңыз