Отандық киім бренді Димаш Құдайбергенге арнап коллекция шығарды

Жарияланды 17 Қыркүйек 2024 18:13

(жаңартылды 17 Қыркүйек 2024 19:04)
post.authors.0.name

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: Global Nomads

Қазақстандық киім бренді Димаш Құдайбергенге арнап коллекция шығарды. Жеке коллекция Астанадағы Димаш Құдайбергеннің концертінде көрермендерге ұсынылды. Киімдер топтамасында футболкалар, худилер, шопперлер, бас киімдер мен  танымал әнші бейнеленген күртешелер бар. Коллекцияның барлық дизайны заманауи ақ-қара бояуда жасалған.

Коллекцияның ең ерекше бөлігі –  қанаттары бар Димаш бейнеленген киім. Әнші Самұрық құсының бейнесінде бейнеленген.

Сонымен қатар, Димаштың ұлттық нақыштағы киімдерді әлемге паш етудің маңыздылығын айтты.

«Мен әрқашан туған жерімді мақтан тұтамын және мен үшін Қазақстанның мәдени мұрасын бүкіл әлемдегі жанкүйерлеріммен бөлісу өте маңызды. Global Nomads-пен ынтымақтастық – бұл сән әлемі арқылы өзіміздің бірегейлігімізді білдіру», – деді Димаш Құдайберген.

Еске сала кетейік, 13-14 қыркүйек күндері Астанада Димаш Құдайбергеннің концерті өтті. Әншінің концертіне Эстония, Аргентина, Швейцария, Парагвай, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Италия, Франция, Испания, Польша, Беларусь, Ирландия, Чехия, Венгрия, Финляндия, Өзбекстан, Германия, Норвегия, Түркия, барлығы 80 елден 10 мыңнан астам қонақ келген. Олардың көпшілігі Dears деп аталатын жанкүйерлер тобы. Мұндай жанкүйерлердің ең көбі Қытайда, бұл жолы да көрші елдегі фан-клубынан 100-ден астам адам келген. 

Сондай-ақ оқыңыз